Реферат. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері

Oinet.kz 05-09-2020 1491

Мазмұны

1 Қазақтардың поэтикалық өнері

2 Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы

3 Дәулескер күйшілер

4 Айтыс

5 Пайдаланылған әдебиет


Қазақтардың поэтикалық өнері

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын.

XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады.

Қазақтың поэтикалық және музыка өнерін дамытуға Махамбет Өтемісұлы, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, Ақжігіт (Ақан сері) Қорамсаұлы сияқты тағы басқа да көптеген ақындар мен өнерпаздар үлкен үлес қосты.

Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы

Махамбет Өтемісулы (1804—1846) поэзиясы Исатай Тайманұлы бастаған 1836—1838 жылдардағы көтеріліспен тығыз байланысты болды. Махамбет 1804 жылы Ішкі Ордадағы Бекетай құмында дүниеге келді. Ол жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Оның асқан дарындылығына қалың жүрт- шылық бас иді. Махамбет от ауызды сөз шеберлігімен қатар, өзінің домбырашы-күйшілігі, батырлығы, ақындығы мен даналығы арқасында ел арасында даңққа бөленді. Ол орыс, татар және араб тілдерін жақсы білді. Сондықтан да ол 1824-1829 жылдары Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі ретінде Орынбор қаласында тұрды. Осы жылдары орыс жазушысы, этнограф В.И. Дальмен, саяхатшы ғалым С.Г. Карелинмен жақын танысып, достасып кетті.

Махамбет Өтемісұлы Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтерілісте өзінің жалынды өлеңдерімен халықты патша өкіметі мен хандардың езгісіне қарсы күреске шақырды. Ол өз елінің отарлық езгіден азат болғанын көрсем деп армандаумен өтті. Махамбеттің өлеңдері халық көтерілісінің қуатты дауысы, бостандық пен әділдіктің ұраны болып табылады. Ақын көтерілісшілерді өзінің жалынды жырларымен жігерлендіре түсті әрі қарулы шайқастарға өзі де белсене қатысты. Ол патша өкіметінің халыққа қарсы саясатын, жергілікті хан, сұлтандардың қарапайым халыққа шектірген касіреттерін аяусыз сынға алды. Еңбек адамдарының құлдық өміріне қарғыс айтты: «Қапыда өткен дүние-ай, Халқымның көрген қорлығы, Хандардың еткен зорлығы… Ата-ананы сөктіріп, Ат басына соқтырып, Нәлет айтса болмас па Осылай жүрген жүріске… 1838 жылы Исатай Тайманұлы қанды шайқас үстінде ерлікпен қаза табады. Махамбет Өтемісұлы қазак халқының тәуелсіздігі жолындағы күресті одан әрі жалғастыра береді.

Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай…», «Соғыс», «Алайма, сұлтан, алайма!», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Мұнар да мұнар, мұнар күн», «Қызғыш құс» және басқа өлеңдерінде көтерілісшілердің бейнесі, Исатайдың қаһармандық ерлігі шебер суреттелген. Өр рухты ақын туған халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресті жырға қосып өтті. Ақын Шернияз Жарылғасұлы (1817-1881) қазіргі Ақтөбе облысының аумағында дүниеге келді. Жас шағынан өлең шығара бастады. Махамбет Өтемісұлы сияқты ол да Бөкей хандығындағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысты. Өзінің жалынды жырларында ол да халықты азаттық жолындағы күреске шақырды. Оның билеуші сұл- тан Баймағамбет Айшуақұлына арнаған өлеңі халық арасында кеңінен мәлім. Онда Б. Айшуақұлының халықтың мүддесіне қарсы жасап отырған озбырлығы, сұлтанның арамзалық әрекеттері аяусыз сыналады.

XIX ғасырдың бірінші жартысында поэзияда күнделікті өмірдің әр түрлі салаларын, қарапайым адамды жыр етуде жаңа бастама қалыптасты. Осы орайда Жанақ Сағындықұлы (1775—1846), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1884), Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) сиякты көрнекті ақындар шығармашылығының маңызы зор болды. Олардың поэзиясына патша өкіметінің отаршылдық езгісі кезіндегі елдің ауыртпалықжағдайы, күнделікті өмірдегі әлеуметтік-экономикалык мәселелер арқау болды.

XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын (1802—1871), Шортанбай Қанайұлын (1818—1881), Мұрат Мөңкеұлын (1843—1906) қосуға болады. Бұлар «зарзаман» дәуірінің ақындары аталды. Олардың поэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі казақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді.

«Еділді тартып алғаны — Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны — Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны — Ойындағысының болғаны. Маңғыстауда үш түбек Оны-дағы алғаны. Үргеніш пен Бүхарға Арбасын сүйреп барғаны — Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп, Баланың санын алғаны — Аңғарсаңыз жігіттер, Замананы тағы да — Бір қырсықтың шалғаны!»

Біржан сал Қожағұлұлы (1825—1887) қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады. Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді.

Жаяу Мұса Байжанұлы

Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың «Айбозым», «Ақ тентек», «Біржан сал», «Ғашығым», «Айтбай», т. б. 40-қа жуық әні бар.

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы

(1835—1929) болды. Ол Баянауыл округының Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мүса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылыктарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік Жаяу Мұса. әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметіне қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда,

Ақан сері Қорамсаұлы

Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Генерал Черняевтің Оңтүстік Қазақстан аумағына жасаған әскери жорығына да қатысады. Ол «Сү- йіндік», «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым», «Хаулау» сияқты 70-тен астам ән шығарады. Әндерінің сөзін де өзі шығарды.

Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әнші Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913)қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының аумағында дүниеге келді. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атады. Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді. Оның «Еркем», «Аужар», «Айгөлек», «Ғашық жарға» атты тамаша әндері сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан серінің әндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.

Балуан Шолақ (1864—1916) қазіргі Ақмола облысында дүниеге келген. Халық арасында атақты сазгер, әнші, ақын әрі балуан ретінде кеңінен танылды. Бала күнінен ат құлағында ойнап, түрлі цирктік өнер көрсетуді үйренді. Оның композитор әрі әнші ретіндегі даңқын шығарған әні «Ғалия» болды. Балуан Шолақтың «Желдірме», «Қос перне», «Көкшетау» атты ғажайып әндері оптимизмге, адамға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы.

Көрнекті ақын-ағартушылардың бірі Домақ шешен (1850—1918) болды. Ол Ақмола облысының Омбы уезінде дүниеге келген. Домалақ шешен өзінің туған халқының болашақ тағдырына қатты алаңдаушылық білдірді. «Оқу. Өнер. Адалдық» деген өлеңдерінде жастарды оқуға, білім алуға, кәсіп үйренуге, адал болуға шақырды.

Бұл кезеңде баска да дарынды ақын-композиторлардың талантты шоғыры өмір сүріп, еңбек етті, шығармашылықпен айналысты. Олардың қатарында Шернияз Жарылғасұлы (1803—1881), Мәди Бапиұлы (1880—1921), Құдайберген Әлсейітов, Сара Тастанбекқызы (1853—1916), Әсет Найманбайұлы (1867— 1922), Иманжүсіп Құтпанулы (1863-1929), Базар жырау Оңдасынұлы (1842—1911), Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889), Кемпірбай Бөгембайулы (1834—1895) сияқты басқа да ақын-композиторлар болды.

Дәулескер күйшілер

Құрманғазы Сағырбайулы

Қазақтың музыка өнерін нотаға түсіру XIX ғасырдың аяқ кезінде ғана басталды. Оған дейінгі қыруар мол музыка- лық мұрамыздың біркатары, өкінішке орай зама-нымызға жетпеді.

Қазақтың аса ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайулы(1806—1879) Бөкей ордасының Жиделі деген жерінде дүниеге келген. Бала кезінен-ақ музыкалық дарыны бар екенін танытты, өз бетінше алуан түрлі күйлерді тартып үйренді. Болашақ дәулескер күйшінің жастық шағы жоқшылықтың зардабын тартып, ел аралаумен өтті. Сондықтан да ол

Дәулеткерей Шығайұлы

өзінің күйлерінде қарапайым адамдардың өмірін, тұрмыс-тіршілігін суреттеді, қайырымсыз байлардың қылығын әшкереледі. Құрманғазы қазақ күйлерін шебер орындаумен қатар домбырада орыстың «Коробейники» («Қыдырма саудагерлер»), «Светит месяц» («Айдың сүттей жарығы») деген әндерін де құйқылжыта орындады. Біздің заманымызға дейін оның сазгерлік туындылары — 60-қа жуық ғажайып, көркем де асқақ сезімге толы күйлері жетті. Оның «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсак киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем» сияқты басқа да күйлері — халық сүйіп тыңдайтын тамаша туындылар. «Кішкентай» атты күйі Бөкей хандығы қазактарының халық-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Тайманұлына арналған. Құрманғазының күйлері халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес болып косылды.

Тәттімбет Қазанғапұлы

Талантты және халық арасына кеңінен белгілі, аса көрнекті композиторлардың бірі — Дәулеткерей Шығайұлы

(1820—1887). Ол Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде Кіші жүздің ханы Шығайдың отбасында дүниеге келіп, ер жетті. Ол өз заманының білімді азаматтарының бірі болды. Билеуші-сұлтан деген лауазымды әкімшілік қызмет атқарды. Бірақ мұның өзі сазгерлік шығармашылықпен айналысуына кедергі бола алған жоқ. Дәулеткерей төрелік биліктен гөрі өз ортасында күйшілік өнердің алтын Дәулеткерей діңгегі болған. Халық арасында оның «Жігер», Шығайұлы. «Бұлбұл»,

Қазанғап Тілепбергенұлы

«Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме» сияқты күйлері кеңінен тараған. Күйші-сазгердің біз- дің заманымызға дейін 40-қа жуық күйі жетті. Қазақтың XIX ғасырдағы аспаптық музыкасына қомақты үлес қосқан сазгер-күйші Тәттімбет Қазанғапұлы(1817—1860) Қарқаралы өлкесінде дүниеге келген. Карқаралы сыртқы округы Нұрбике-Шаншар болысында болыстық қызмет та атқарды. Ресей императоры II Александрды ұлықтау рәсіміне қатысқан. Тәттімбет Қазақстанды зерттеуші ғалымдар Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, А. Янушкевичтермен таныс болған. Ол халық арасына кеңінен тараған «Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар» сияқты әсерлі көркем лирикалық күйлер шығарды: Талантты сазгер өз туындыларында қазақ жерінің, оның өзендері мен көлдерінің, таулары мен даласының сұлу табиғатын, көркем көрінісін жүрек қылын шерте отырып, нәзік сезіммен бейнеледі. Тәттімбет күйлері қазақ халқының музыкалық өнерін барынша байыта түсті.

Қазақтың күй өнерін қобызда қүйқылжыта шебер орындайтын дәулескер күйші Ықылас Дүкенұлы (1843—1916) Қарағанды облысының аумағында қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Дүкен қобыз тартқан, ал ата-бабаларына да жыршы, бақсылық өнер дарыған. Ықылас патша шенеуніктері мен байларды әжуалаған «Жарыс патша», «Бес төре» күйлерін шығарды. Оның «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғыз аяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан», тағы басқа да ғажайып күйлері бар.

Қазақтың дәулескер күйшілерінің бірі — Қазанғап Тілепбергенұлы (1854—1927). Ол Арал теңізі маңында дүниеге келген. Бүкіл ғұмырын халықтың сазгерлік өнеріне арнады. Оның қалдырған мол мұрасының арасында «Ноғайлы босқыны», «Окоп», «Жұртта қалған» сияқты зарлы күйлері де бар.

Айтыс

Бұл кезеңде қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары — батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары өздерінің білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. Олар қазақ халқының тарихын, шежіресін, тегін, дәстүрлі салт-санасы мен әдет-ғұрпын жақсы білуге тиісті еді. Айтыс кезінде ақындар домбыра, сырнай және қобыз сияқты музыкалық аспаптарда ойнаған. Айтыс жалпы халық арасында ашық өткізілетін. Айтысты тамашалауға келген жұрт өздерінің қолдау білдірген көтеріңкі дауыстарымен жеңімпазды анықтаған. Ондай жеңімпаз айтыскердің атақ-даңқы қазақ даласына, халық арасына тез жайылып кететін. XIX ғасырдың атақты айтыс ақындары Орынбай, Жанақ, Шөже, Әсет, Сара, Сүйінбай және басқалар болды. Сол кезден бастап айтыстардың мәтінін Бұл өнер сайысын арнайы зерттеушілер жазып ала бастады. Айтыстарда дәстүрлі қазақ қоғамының аса маңызды өткір проблемалары көтерілді.

Пайдаланылған әдебиет

↑ Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы: Атамүра, 2008. — 352 бет, суретті, карталы. ISBN 9965-34-816-2

Ашық сабақ. Тарих. 5 сынып. Ғұн тайпасы туралы мәліметтер
Реферат. Қазақ хандығының жылнамасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу