Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 8 сынып. Бауыржан Момышұлы өмірі мен шығармашылығы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:№115ЖББМ ІІІ Махаббат және абырой Уақыты: мұғалімнің аты-жөні:Ботыбаева А.Қ.
Сыныбы: 8 «А» қатысқаны: қатыспағаны: | |
Сабақтың тақырыбы | Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу; |
Сабақ мақсаты | Шығарма идеясының ұлттық ой-санамен, халықтық тәрбиемен байланысын ашып талдау. |
Бағалау критерийі | шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады. |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: әдеби эссе жазу жолдарын меңгереді. Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология: отбасы өнегесі, ұшқан ұя ұлағаты, гуманизм, көркемдік-идеялық құндылығы, әдеби эссе т.б. Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша ..., автордың ойынша ..., мен ... ойлаймын т.б. |
Құндылықтарды дарыту | Сабақ мазмұны арқылы жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің, өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар оқушы бойына сіңіріледі. |
Пәнаралық байланыс | Өзін-өзі тану пәнімен байланыс. Отбасылық құндылықтардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызы. |
Алдыңғы білім | Роман мазмұнындағы құндылықтар жүйесін талдау, бағалау тәсілдерін үйренді. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар |
Сабақтың басы
| 1. Қызығушылықты ояту мақсатында «Асыл әжем» әні тыңдатылады. Сөзін жазған – Қадыр Мырза-Әлі. Оқушылар әннің мына жолдарына назар аударып, сабақ тақырыбымен байланыстырады.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді, Мен өзіңнен қабылдаппын күюді. Сенің жаның жүрегіме ораулы, Менің жаным жаулығыңа түюлі.
2. Топқа біріктіру.
3. Оқушылар алдыңғы сабақта талданған «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтардың жауаптарын естеріне түсіріп, түйінді ойларымен бөліседі.
3.Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. | МД слайд
1-таратпа
|
Сабақтың ортасы
| 3. Жаңа сабақты меңгерту. ЖЖ. «Сыртқы және ішкі шеңбер бойымен әңгімелеу» арқылы бірнеше сұрақтардың жауабын ортаға салып талқылайды. 1-сұрақ: Қалай ойлайсың, шығарма неліктен «Ұшқан ұя» деп аталған? 2-сұрақ: «Ұшқан ұя» ұлағаты дегенді қалай түсінесің? 3-сұрақ: Отбасы өнегесінің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
4. Ж. Оқушылар мына тақырып бойынша әдеби эссе жазады: «Отбасы өнегесінің Бауыржанның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы» (50-60 сөз). Дескриптор - шығарманың маңызын түсінеді; - сұрақтарға жауап береді; -эссе тақырыбын түсінеді; - әдеби эссе жазады.
Қабілеті жоғары оқушылар шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, ал қабілеті төмендеу оқушылар кейіпкерлер қарым-қатынасын баяндап жазады. |
2-таратпа
3-таратпа
|
Сабақтың аяғы
| 5. Өзіңді-өзің тексер. Менің жұмысым әдеби шығармаға негізделген бе? Автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген бе?
6. Рефлексия «Сабақ нәтижесі бойынша комплимент айтқым келеді: сабаққа, сыныптасыма, жазушыға т.б.» | 4-таратпа |