Жұлдызнама бойынша мінездеме
10-02-2020
мектебінің 1 сынып оқушысы
Даулетбай Арунаға мінездеме
Аруна 2018 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.
Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл – күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник – флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.
Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.
Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.
Сынып жетекшісі: А. Аманова
Психолог:
Мерген орта жалпы білім
беретін мектебінің 1 - сынып
оқушысы Досымжан Таңатарға
Саят атаулы мектепке 2018 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданды. Оқушы мектепке қабылдау жасында келді. Өзі отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Қойылған талаптарды қабылдайды. Тәртібі мектеп ережесіне сай. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен, сыныптастарымен тіл табыса алады. Оқу материалын қабылдайды, зейіні тұрақты, заттар мен құбылыстарды ажыратады, оларды талдау өз бетімен қорытынды жасауы жақсы. Еске сақтау қабілеті шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Барлық пәндерді жақсы көреді, қызығушылықпен, белсенділікпен қатысады. Өздігінен тапсырмаларды орындайды.
Математикадан сандарды оқып қосып, азайта алады. Ауызша есептеу қабілеті өте жақсы. Сандардың толық жазылуын, оқылуын құрамын толық меңгерді.
Сауат ашудан әріптерді таниды. Жазу кезінде алмастыру, шатастыру сияқты әрекеттер кездеседі. Оқыған мәтіннің мазмұнын толық жеткізе біледі. Еске сақтау, қабылдау, ойлау қаблеттері жақсы дамып келеді.
Бейнелеу өнерінен, қол еңбегінен, және жапсырмалау жұмыстарын қызыға құлшына орындайды.
Сынып жетекшісі: А. Аманова
Жеке оқушының мінездемесі, студентке
ІІ курс студентті Дорматова Сұлуым өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Құрманәлі Құрманғазы өте ақкөңіл, ашық - жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.
Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Құрманғазы болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.
Ол өз тобында қанша сабақ өткен болсам, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой - пікірін ашық айтады.
Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Жеке оқушының мінездемесі
9 -«A» сынып оқушысы Абаева Арайлым өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Абаева Арайлым өте ақкөңіл, ашық - жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.
Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді Арайлым болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.
Ол сыныпта қанша сабақ өткен болсам, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой - пікірін ашық айтады.
Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Сынып ұжымын зерттеу
Мен, Гаджиева Салтанат Айбекқызы педагогикалық іс - тәжірибе кезінде ІІ курс 8 - 13 тобына жетекшілік қызметін атқардым.
Ол сыныпта 20 студент тиянақты түрде білім алуда. 10 студент, яғни атап айтатын болсақ, Амангелді Б, Асанов Қ., Мәулен Е. барлық пәндерден «4» деген бағаға оқитын болса, қалған 10 студент «3» деген бағаны қанағат етіпті. Студенттердің арасында өз өнерімен көзге көрінген студенттерде бар, олар: Қоңыратбай Ғ., Нәбиев М., Шербай Д., және т. б.
Негізі колледжде ІІ курс студенттері басқа топтарға қарағанда үлгілі болып есептеледі. Колледжде осы топ ерекше абыройға ие және де басқа топтарға қарағанда өте ұйымшыл топ болып есептелінеді.
Бұл топтың студенттері үйге берілген тапсырмаларды барынша орындап келуге тырысады және де егер түсінбеген сұрақтары болса, бір - бірімен ақылдасып, сұрақтардың жауаптарын табуға тырысады.
Сынып ұжымын зерттеу
Мен, Гаджиева Салтанат Айбекқызы педагогикалық іс - тәжірибе кезінде 9 -«A» сыныбында сынып жетекшілік қызметін атқардым.
Ол сыныпта 15 оқушы тиянақты түрде білім алуда. 5 оқушы, яғни атап айтатын болсақ, Бейбітханов М., Ергешов Ұ., Қасым А., Муханова А., Муханова М. барлық пәндерден «5» деген бағаға оқитын болса, 5 оқушының білімдері «4» деген бағамен бағаланса, қалған 5 оқушы «3» деген бағаны қанағат етіпті. Оқушылардың арасында өз өнерімен көзге көрінген оқушыларда бар, олар: Файзулла Б., Қонаров Ж., Қасым А., Мусанова М., Мухамова Малика аудандық спортакиядадан жүлделі орындарға қол жеткізсе, Файзулла Бек өз өнерін ортаға салып, көптеген сайыстарға барып қайтты. Үлгерімдері төмен оқушылар болғанымен, олар да жақсы оқуға тырысуда.
Негізгі мектепте 9 -«A» сыныбы басқа сыныптарға қарағанда үлгілі сыныптардың бірі болып есептеледі. Мектепте осы сынып ерекше абыройға ие және де басқа сыныптарға қарағанда өте ұйымшыл сынып болып есептелінеді.
Бұл сыныптың оқушылары үйге берілген тапсырмаларды барынша орындап келуге тырысады және де егер түсінбеген сұрақтары болса, бір - бірімен ақылдасып, сұрақтардың жауаптарын табуға тырысады.