Сала экономикасы бойынша лекциялар жинағы

Oinet.kz 05-09-2020 811

Дәріс 1. «Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы негіздері» курсына кіріспе.


Жоспар:
1. Ғылым пәні мен міндеттері
2. Сала кәсіпорындары экономикасындағы зерттеулер әдістері.
3. Халық шаруашылығы жүйесіндегі өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы осы саладағы экономикалық заңдардың пайда болуының нақты формаларын, шаруашылық жүргізу механизмін, өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын көтеру жағдайлары мен факторларын қарастырады.
Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы барлық экономикалық пәндердің теориялық негізі – экономикалық теория пәні мен ауыл шаруашылығы экономикасы курсымен, осы мәселелер кәсіпорын деңгейінде қарастырылатын өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау мен басқару пәнімен және аталмыш саладағы өндіріс процесін зерттейтін техникалық пәндермен тығыз байланысты.
« Сала бойынша өнеркәсіптік өндіріс экономикасы» курсының негізгі міндеті – болашақ мамандарды, саладағы кәсіпорынның тиімді даму жолын қалай анықтауды, өндіріс өсуінің қарқынын үдету мен өнім сапасын жақсартуды, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды, еңбек өнімділігі өсуінің резервтерін табилдеуді, айналым шығындары мен өнімнің өзіндік құнын азайтуды және осы негізде өндіріс тиімділігін көтеру мәселелерін көтеру мәселелерін шешуге үйрету болып табылады.
Сала бойынша өнеркәсіптің өндіріс экономикасы, ғылым ретінде, объективті экономикалық заңдардың қызметі мен олардың байқалуының формаларын зерттейді.
Жалпы экономика заңдарын басшылыққа ала отырып, саладағы өнеркәсіптің өндіріс экономикасы нақты жағдайлардағы олардың қызметтерінің айрықша екендігін ашып көрсетеді, шаруашылық тәжірибедегі пайдалану әдістерін жасайды. Саланың өнеркәсіптік кәсіпорындарда экономиканың заңдар жүйесі жұмыс істейді. Ол заңдар: құн заңы, еңбек өнімділігінің өсу заңы, кеңейтілген қайта өсу заңы, жинақталу заңы.
Сала бойынша өнеркәсіп өндіріс экономикасы, салалық ғылым ретінде, агроөндірістік кешеннің даму жағдайындағы негізгі экономикасы заңдарының қолданылу әдістерін жасайды және практикалық қорытындылар шығарады.
Кәсіпорынның саласы бойынша экономиканың басты мақсаты – онда болатын технологияларды қолдану тиімділігіне, құрал жабдықтарына агротехникалық, технологиялық және т. б. Жағдайларына байланысты болады.
Ғылымның әдістері қоршаған шындықтың құралдарын құрайды. Курстың методологиялық негізі болып диалектикалық тәсіл болып табылады. Бұл салада жүретін экономикалық құбылыстарды бөлшектеп емес, барлық шаруашылық дамуының негізгі бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Сондықтан, өнеркәсіптік өндірісінің экономикасын халық шаруашылық дамуымен, соның ішінде: машина жасау, құрылыстық индустрия, ауылшаруашылық және тамақ өнеркәсіп салаларымен тығыз қарастыру керек. Бұның мағынасы, әрбір саланың экономикалық қиындықтарын қарастыруда барлық ауылшаруашылықтың қызығушылығы ескеріледі.
Ғылымды оқу – барлық саланы және оның бөліктерінің қызметін талдауда негізделеді. Талдау – құбылыстарды немесе заттарды бөлшектерге бөліп, оның элементтерін бөлек немесе жалпы қарастырып олардың бір – бірімен байланысын зерттеу.

Қызылорда қаласы,
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық коллледжінің
"Экономикалық пәндер" циклының оқытушысы Жұман Нұргүл Кенжебекқызы


Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Оқушыларға мінездеме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу