Ашық сабақ. Математика. 7 сынып. Үшбұрыштар

Oinet.kz 05-10-2019 1530

                                   

Ұзақ мерзімді   жоспардың тарауы: Үшбұрыштар

Мектеп:   Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектеп МКМ

Күні:

Мұғалімнің   аты-жөні: Құралбаева Аида

Сынып:   7

Қатысқандар:  

Қатыспағандар:

Сабақтың   тақырыбы

Тең бүйірлі үшбұрыш,   қасиеттері мен белгілері



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу   мақсаттары

7.1.1.23

Тең бүйірлі   үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін білу

7.1.1.24

Тең бүйірлі   және тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін есептер шығаруда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Үшбұрыштардың түрлерін ажыратады;

Тең бүйірлі үшбұрыштың белгілері мен қасиеттерін түсінеді;

Аксиома және теорема көмегімен дәлелді пайымдаулардың дағдыларын   қалыптастырады; Тең бүйірлі,тең қабырғалы үшбұрыштың белгілері мен   қасиеттерін пайдаланып есептер шығарады.

Бағалау критерийі

Үшбұрыштың   түрлерін, тең бүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі;

 Аксиома және теореманың көмегімен дәлелді пайымдаулардың   дағдыларын қалыптастыра алады;

 Планиметрияның негізгі фигуралары нүкте мен   түзудің үшбұрышпен өзара байланыстарын есептер шығаруда қолдана алады.  

Тілдік мақсаттар

 

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

 - есеп мәтіні бойынша қажетті   сызбаны салу жолын сипаттай

алады;

- тең бүйірлі   және тең қабырғалы үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- тең бүйірлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;табаны,   бүйір қабырғасы;

- үшбұрыштың медианасы;   үшбұрыштың биссектрисасы; үшбұрыштың биіктігі;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

- үшбұрыштардың теңдігінен   ...;

-үшбұрыштар белгісі бойынша   үшбұрыштар... тең;

- АВС үшбұрышының АВ және ВС   екі қабырғасы сәйкесінше ... тең;

- егер АВС үшбұрышының АВ   қабырғасы және оған іргелес А және В бұрыштары сәйкесінше .. тең болса,   онда...;

 -үшбұрыш қабырғасына іргелес бұрыштарды   анықтаңыздар;

- табанындағы бұрыштар...   тең;

Құндылықтарға   баулу

 

 

Жауапкершілікке,жақсы қарым-қатынас жасау қабілетіне   баулу;

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау.

Пәнаралық   байланыс

Сызу,алгебра

АКТ қолдану   дағдылары

Интербелсенді тақта,таныстырылым.

Тақырып   бойынша алдыңғы білім

 

 Үшбұрыштар теңдігінің белгілері


Сабақтың   жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы   жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың   басы

10 минут

 

                                                                                 

  Оқушыларды түгелдеу,оқу құралдарын,сабаққа дайындығын тексеру.Оқушылардың   сабаққа деген көңіл күйін,сыныпта жағымды ахуал тудыру үшін «Табыс қоржыны» әдісін   қолданамын.Оқушылар тездетіп біріне бірі қарама-қарсы тұра қалады. Кезектесіп   ортаға шығып кедергілерден өтіп    табысқа жету керек.Сұрақтар береді,аяқ-қолдарымен де кедергілер   жасайды. Үй тапсырмасын интерактивті тақтада көрсетілген жауаптар бойынша   «Көршіңді тексер» әдісі бойынша жұптар бірін-бірі тексереді. Сосын басбармақ   әдісімен бағалайды.

  Тақырыпты ашу үшін ортаға картоннан жасалған   үшбұрыш қиындылары тасталады,өздеріне оларды топтасуды,қандай белгі бойынша   топтастырғандарын сұрау.

   Тең бүйірлі, тең қабырғалы     үшбұрыштарды сонымен бірге сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты     үшбұрыштардың анықтамаларын тұжырымдайды. Жаңа тақырыпты ашады.

Интерактивті тақта,фигуралар

Сабақтың ортасы

          20 минут

 Оқушыларды қолдарындағы фигуралар арқылы 3   топқа бөлінеді.

1-топ: Тең бүйірлі   үшбұрыштар.

2-топ: Тең қабырғалы   үшбұрыштар.

3-топ: Қабырғалары әр түрлі   үшбұрыштар.

 Топтарға тапсырмалар беру. Жаңа   тақырыпта берілген 3 теореманы дәлелдеу. Берілген іс-әрекетті жүзеге   асыруда саралап оқытудың "Проблемалық оқыту" қағидасы қолданылады,   ол - оқушыларға жаңа білімді өз бетімен қалыптастыру дағдыларын жетілдіруге   және оны терең түсінуге мүмкіндік береді. Аса қабілетті балаларға жоғары   деңгейде ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін,мәселелерді шешу ,зерттеу   қабілетін пайдалануды қажет ететін «Теореманы қалай дәлелдеу қажет?»   проблемалық сұрақ қойылады.

     «Көршіңе айтып бер» өзге топтарға   түсіндіреді.

   «Кім жылдам?»   әдісі бойынша жаттығу орындайды.

  Оқушыларға үшбұрыш сызықтарын     салу дағдыларын пысықтау мақсатында үштіктерге бірігеді. Әр топқа үшбұрыштар түрлері салынған парақтар (бір     парақта бір үшбұрыш салынған) ұсыну. Тапсырманың орындалу уақыты белгіленеді. Белгі бойынша әрбір оқушы кез келген     таңдап алған парағына медиана салуы керек. Сонан соң келесі белгі бойынша биссектриса салуы керек және т.б. Оқушылар жұмыстарын орындап болған соң салулардың дұрыстығын топта     талқылайды. Егер оқушылардың кейбірі тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда өзге оқушыларға көмектесуге рұқсат етіледі. Оқушылар смайликтермен бағаланады.  Оқулықпен  жұмыс. 1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.2.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 48 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.Дескриптор:-P=3a формуласын қолданады.-P=a+в+c формуласын қолданады.-белгісіз қабырғаларын табады,-жауабын жазады.№10.11. тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15,6 м.Егер оның табаны бүйір қабырғасынан 3 м кіші болса,үшбұрштың қабырғаларын табыңдар.Дескриптор:-белгісіз қабырғасын х айнымалымен белгілейді;-теңдеу құрады;-Үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табады; -Үшбұрыштың периметрін табады;-Белгілі бұрыштары мен қабырғалары      арқылы қалған злементтерін анықтайды.Оқушыларға белсенді оқытудың дағдыларының жаңадан меңгерілген Білімді тәжірибеде қолдану және дамыту үшін бірге топта талқылау үшін   Әр топқа ВЕНН диаграмма салынған парақшалар беріледі.     Топ спикері баяндап береді.Тең қабырғалыТең бүйірлі үшбұрышышТоптарға     тапсырма Ротация әдісі арқылы     саралаудың топтау тәсіліТік бұрышты үшбұрыш үшбұрыш Ба                                                                               

Балалар ортақ тапсырма орындайды,бірақ барлығының   табысты болуын

Қамтамасыз ететіндей топтастырылған.Қабілетті балаларды   кейде қабілеті ұқсас құрдастарымен топтастырып,олардан жоғары деңгейде   орындайды деп күтіледі.

1.Стикерлерге әр топ сұрақтар жазып дөңгелекшелерге   айналдыра жапсырады.

2.Топтар алмасады.Ауыстырғаннан соң сұраққа жауап   жазады

3. қайтадан алмасады.    Топтар бірін-бірі тексереді,дұрыс емес жауапты алып   тастайды.Оқушыларды әр тапсырмадан соң бағаланып отырады. Алған смайликтерін

бағалау парақшасына жапсырып,соңынан өздері қорытынды   балл қояды.Бағалау парақшасы.  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушының атыҮй тапсырмасыПроблемалық оқытуКім жылдамОқулықпен жұмысВЕНН диаграммаРотацияБалл       


Сабақтың   соңы

10 минут

 


Саралау – Сіз   қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда   қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? 

Бағалау – Сіз   оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық   және қауіпсіздік техникасын сақтау
 
 
 

Тең бүйірлі   үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін    саралаудың «Тапсырма» тәсілі бойынша теоремаларды дәлелдейді.Қабілеті   жоғары оқушылар топтарға түсіндіреді.  Жұмыс қарқынмен  сызба жұмыстарын орындайды. «Ротация» әдісі   бойынша саралаудың топтау тәсілібойынша тапсырмалар орындайды. Саралаудың «Қорытынды»   тәсілімен оқушылардың алған білімдері сараланады.

Үй   тапсырмасын «Мадақтау» әдісі арқылы бағалау.Негізгі бөлімде смайликтермен   бағаланып отырады.

 

АКТ қолданғанда   техникалық қауіпсіздік ережелерін сақталады.Сабақ кезінде тапсырмаларды   орындағанда еркін қозғалыс жасағанда еркіндік беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ   мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық   оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген   болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ   кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар   болды ма және неліктен?

Кері   байланыс;

«Шулманның үш   көмекшісі».

1.Басыңыз   арқылы не меңгердіңіз?

2.Қолыңызбен   нені жасай алдыңыз,нені жасай алмадыңыз?

3.Жүрегіңмен   нені сезіндің?Сабақтың ұнаған,ұнамаған тұстары


Жалпы бағалау

Сабақта ең   жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың   бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың   барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/   қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар   аудару қажет?










Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Теңге. Монета жəне қағаз ақша
Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Тест сұрақтары мен жауаптары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу