Ашық сабақ. Математика. Үш таңбалы сандарды қосу және жазу алгоритмдері

Oinet.kz 02-10-2019 1435

 

Пән: Математика

 

Ұзақ мерзімді   жоспар                                                                                                бөлімі:

 

Күні:

 

Сынып: 3

 


Мектеп: «Т.Есімжанов атындағы   ЖББОМ» КММ

 

Мұғалімнің аты –жөні: Мырсеитова А.Ш.

 

Қатысқандар саны: 5

Қатыспағандар саны: 0


 

Сабақ тақырыбы

 

Үш таңбалы сандарды қосу және жазу алгоритмдері

 

Осы сабақта қол   жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

 

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық   құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау.

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және жазбаша   алгоритмдерін қолдану.

 

Сабақ мақсаттары

 

Барлық оқушылар: үш таңбалы сандарды   санның ондық құрамын ескере отырып, ауызша қосып, азайтады; үш таңбалы   сандарды алгоритмді қолдана отырып, жазбаша қоса алады.

 

Көптеген оқушылар: Есептеуді баған түрінде   тексерумен орындайды.

 

Кейбір оқушылар: Разрядтық қосылғыштарға   жіктеу арқылы ауызша есептейді.

 

 

 

Бағалау критерийлері

 

* үш таңбалы сандарды жазбаша қосу үшін алгоритмді   қолданады.

 

ОДД

 

 

Тілдік мақсаттар

 

Білу,түсіну, қолдану, анализ, синтез        

 

 

Оқушылар:

Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу алгоритмдерін айтады.

Пәнге тән лексика мен   терминология:

Алгоритм

Диалог пен жазу үшін   пайдалы сөздер ментіркестер:

А) Бағанмен жазудың ыңғайлылығы неде?

Ә) Сандарды қосу кезінде бағанға қалай жазған дұрыс?

Б) Есептеуді қалай тексеруге болады?


 

Құндылықтарды дарыту

  

   Патриотизм мен   азаматтық жауапкершілік құндылығы тапсырмаларды ұлттық ойын түрлерімен   орындау барысында жүзеге асады. 

          Ынтымақтастық құндылығы топпен, жұппен жұмыс барысында жүзеге асады.

        Еңбек пен   шығармашылық құндылығы алгоритмдерді орындау барысында көрініс табады.

        Өмір бойы   білім алу құндылығы алгоритмдердің күрделенуі бойынша жүзеге асады.

 

Пәнаралық байланыстар

 

«Құрақ құрау» әдісі арқылы технология, ұйымдастыру   бөлімінде табиғи ресурстарды пайдалану арқылы дүниетану  пәнімен пәнаралық кіріктірілу  жүзеге асады.


 

АКТ қолдану дағдылары


 

Бастапқы білім

 

 

Ек ітаңбалы сандардың жазбаша қосудың алгоритмін   біледі.

Үш таңбалы сандарды ондық құрам негізінде ауызша қосуды   және азайтуды біледі.

Бастапқы білімді түрлі белсенді тәсілдермен арттырамын.

 


 

                           Сабақ   барысы      


Сабақтың жоспарланған   кезеңдері

     Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет        

        Ресурстар

 

Сабақтың басы

 

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Көңіл – күйлерің жақсы ма?

 

«Топырақ пен су» ұйымдастыруы арқылы зейіндерін ашу,   қызығушылығын арттыру.

 

Тақырыпты ашу:

«Құрақ құрау» әдісі

Үш таңбалы сандарды ауызша қосуға және азайтуға   арналған өрнектер беріледі (қайталау, еске түсіру). Олар түрлі стикерлерге   жазылады, ортаға тасталады. Жылдамдықты арттыру мақсатында, балалар ондық   құрамында бірліктері жоқ мысалдарды тез арада ауызша есептеп, құрақтарды   құрай бастайды. Ал кейбір өрнектер жылдам есептеуде қиындық туғызады.

-           Міне балалар, мұндай қиындық туғызған өрнектерді қалай   есептеуге болады? (жазбаша, бағандап)

-           Бағандап есептеу қалай жүзеге асады? (алгоритм құру   арқылы)

-           Өте жақсы, балалар! Сонымен біздің бүгінгі мақсатымыз   «үш таңбалы сандарды алгоритм арқылы жазбаша қосуды»  меңгеріп шығу.

 


 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №1 «Қанталапай»

Жекелеме жұмыс:    Оқушыларға бес асық шашылады, олар бөлісіп алады. Асықтың нөмірі мен   өрнектің нөмірін сәйкестендіріп алып, сол өрнекті  дәптерге алгоритм бойынша есептеп шығарады,   алгоритм бойынша оқиды.

   Қажеттілігіне   қарай тапсырманы бірінші аяқтаған оқушыларға есепті кері амалмен тексеруді   тапсырамын.

 

Дескриптор:

? Өрнекті баған түрінде жазады.

? Алгоритм құрастырып шешеді.

? Жауапты оқиды.

 

ҚБ;

Жауаптар тыңдалып болған соң, бір бірін асық арқылы   бағалайды, кері байланыс береді. Асықтың алшы жағы жақсы, тәйкі жағы кемшін   тұсын көрсетеді.

 

Сергіту сәті!

«Қаражорға» ұлттық би.

 

Тапсырма №2 «Тақия тастамақ» әдісі

Жұппен  жұмыс:   қоржыннан тапсырма алып, жұп болып алгоритм арқылы үш таңбалы сандарды   жазбаша қосады. Талқылаған кезде кім тұжырым айтса тақия сонда болады, ол   сөзін аяқтаған кезде тақияны жұбына кигізеді. Сөз сол жұпқа ауысады.

 

Дескриптор

? Алгоритмді анықтай отырып, өрнектің мәнін табу.

? Алгоритмді дұрыс бағыттау.

 

ҚБ:

Жұптар бір бірін «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды.

Бірінші шапалақ: нені біледі?

Екінші шапалақ: нені ұмытты?

Үшінші шапалақ: нені меңгеру керек?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Инт. желісі

 

Сабақтың соңы

 

 

 

 

«Жамбы ату» әдісі

Шеңбердің іші: Нені білдім?

Шеңбердің ортасы: Нені түсінбедім?

Шеңбердің сырты: Немен жұмыс жасау керек?

 


Үй тапсырмасы

Оқулықтан   тапсырма беру


Саралау

Бағалау

 

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының   сақталуы

 

Тапсырма №1 «Қанталапай»

Қарқын саралауы оқушылардың   мүмкіндігіне қарай жылдамдыққа негізделеді, диалог және қолдау көрсету саралауы оқушыларға көмек берген   кезде, бағалау саралауы асықтармен бір бірін бағалаған кезде  жүзеге асады.

 

Тапсырма №2 «Тақия   тастамақ»

Қорытынды саралауы берліген   жауаптың мықты және әлсіз тұстарын анықтағанда, бағалау саралауы «үш  шапалақ» әдісімен жұптар арасында   бағалау болғанда, ҚБ кезінде  жүзеге   асады.

 

? Өзара бағалау;

? Жұппен бағалау;

? Асықтармен бағалау;

? «Үш шапалақ» әдісімен   кері байланыс бергенде.

? Ауызша кері байланыс.

? «Жамбы ату» кері   байланысы

? Оқушы ережесі;

? Топ ережесі;

? Сынып ережесі;

? «Қаражорға» сергіту   сәті.

 

 

 

 







                    

Ашық сабақ. Математика. Таңдап алу тәсілімен комбинаторлық есептер шығару
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. 5 сынып. Керқұла атты Кендебай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу