150-ден астам жоба «халық қатысатын бюджет» арқылы іске асады

Oinet.kz 23-04-2023 4416

Елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы. 

сайт 96 фото.jpeg

Шымкентте аталған жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр. 

«Халық қатысатын бюджет» жобасымен 2021 жылдан бері аудан әкімдіктерінде халықтың қатысуымен жаңадан балалардың ойын, спорт алаңшалары, демалыс аймақтары ашылды. 2022 жылдың өзінде қала аумағында 158 жобаға 3 901,8 млн. теңге қаралған. Бұл өз кезегінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық функционалдық тобы қаржысының 7,3 пайызын құрайды.

Мемлекет Басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деген болатын. 

Осыған орай, 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 154 жобаға 4 773,5 млн. теңге қарастырылып отыр. Бүгінде тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, балалар алаңшасын жөндеу, қоқыс урналарын орналастыру бойынша ұсыныстар келіп түскен.

Халық қатысатын бюджет арқылы Әл Фараби ауданында 40-қа жуық аула абаттандырылады. Аудан құрамына 10 шағынаудан қосылғандықтан, көпқабатты тұрғын үй саны бүгінде 926-ға жеткен. Қала әкімінің 2020-2023 жылдарға бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес 262 аула көріктендіріліп, 40 спорт алаңшасы салынды. Биылғы жоспарға сәйкес 39 аула мен 2 спорт алаңшасы абаттандырылады. Алдағы жылы 41 балалар ойын алаңшасының құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан бойынша көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру 2025 жылы толық аяқталады. 



Еңбекші ауданында атқарылған шаруа көп
Ақсақалдар келелі мәселелер төңірегінде кеңесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу