Грант иегері халыққа жұмыс беріп отыр

Oinet.kz 23-04-2023 4288

Елімізде «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында мемлекеттен берілетін қайтарымсыз 5 млн-ға дейінгі грант талай кәсіпкердің кәсібін дөңгелетуге себеп болып отыр. Ұлттық жоба шеңберінде жаңа инновациялық жобаларды іске асыруға арналған грантты ұтып алған шымкенттік кәсіпкерлер көп. Шымкент қалалық кәсіпкерік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы журналистерге арнайы пресс- тур ұйымдастырды. 

сайт 94 фото.jpg

Мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтың бірі – Әлібай Жұмабаев. Ол басшылық жасайтын «Business Plas» ЖШС пенопласт шығарады. Былтыр грант аясында ұтып алған 5 млн. теңгеге цех басшысы полестерол түйіршігін қайнататын қазандық алған. Бұл күнде серіктестік қала тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. 

– Мемлекеттен алған қаржы ісімізді алға жылжытты. Осы кәсіптің арқасында 5 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Жұмыстың бәрі автоматтандырылған. Жұмысшыларды арнайы оқытып, дайындадық. Қазір қалада 4-5 пенопласт шығаратын осындай кішігірім цех бар. Ол қаланың сұранысын толық қамти алмайды. Болашақта цехты кеңейтіп, өнімнің саны мен сапасын арттырсақ деген жоспарымыз бар, – дейді Әлібай Жұмабаев.

Қазіргі таңда Шымкентте қайтарымсыз грантқа құжат қабылдау жүріп жатыр. 

– Қайтарымсыз қаражат мамыр айынан беріле бастайды. Грантқа құжаттар қабылдау әлі де жүріп жатыр. Қаржылай қолдау алған соң жоспарға сай пайдалану қажет. Басты талап – осы. Мемлекет тарапынан қайтарымсыз көмек алғандар қатарында заң бұзушылықтар да анықталып жатыр. Мемлекеттік қолдауды мақсатсыз пайдаланғандардың қаржысын сот арқылы қайтарамыз, – дейді Шымкент қаласының кәсіпкерік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бөлімінің басшысы Үсен Исаев.

Айта кетейік, мегаполисте 2019 жылдан бері жаңа бизнес-идеясын қорғаған 170 адам қайтарымсыз қаржыға ие болған. Бұл мақсатқа 700 млн теңге қаржы қарастырылған. 


Ауласын көріктендірген тұрғындарға – 1 млн теңге
Еңбекші ауданында атқарылған шаруа көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу