Ашық сабақ. Есірткі туралы. Денсаулық - зор байлық

Oinet.kz 01-10-2019 1076

Денсаулыққа әсер ететін зиянды факторлар

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Көп елдегі тұрғындардың зиянды дағдыларға деген бой алдыруын, мұның кең етек алып, таралуын бірқатар ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық апат, қоғамның мәдени дамуының кеселі деп таниды. Бұл бел алған көпшіліккемістігін Өркениет ауруы деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді. Әр залалдарға кеңірек тоқталып өтсек:

Темекі – тыныс жолдарының наркотигі.

Х.Колумбтың жүріп өткен жолымен Америкаға жол тартқан испандық Конкистадорлар темекі шеккен үндістердің әрекетін көріп таң қалған. Темекінің дәмін татқан олар бұл әдетті тез арада үйреніп,өз елдеріне алып келген.Осылайша темекі Испаниядан бүкіл Европаға сосын бүкіл әлемге тараған.XVI ғ аяғында жапон елі мен Европа арасында темекі саудасы жақсы дамыды.1590 жылдары Жапонияға келген темекі кейін корей еліне тарайды. Кореяда 1618 ж. толтырылған құжатта темекінің “Жапон шөбі”,”Оңтүстік шөбі” деп жазылуы оңтүстіктен Кореяға және Жапонияға кемемен жүзіп келген темекі әкелуші  португалдықтар мен испандықтарға байланысты айтылған.Алғашқыда Кореяда өсірілген темекі,жердің климаты “жылы сүйгіш” өсімдікке қолайлы болмаған соң,басқа елдерде өсіріле бастайды. Сөйтіп,әлемде темекі өндіру мен сату бизнесі қанат жайды.

Темекінің зиянында шек жоқ. Тыныс алу нашарлайды.  Ауа жұтқанда ауыздан кірген темекі түтіні өңеш арқылы  өкпеге өтеді.Түтіннің құрамында 4000 химкатпен қатар рак тудыратын  жоғары дәрежедегі заттар кездеседі. Мысалы:формальдегид,бензол,мышьяк,т.б.

Темекінің өкпеге түскен химиялық заттардың біршама бөлігі қанға тарайды.Көмірқышқыл газының зиянды қалдықтары қанға араласу нәтижесінде денедегі қышқылдың жетіспеушілігіне әкеледі,әсіресе ми бөлігінде.

Қанға келіп түсетін химиялық  қоспалардың бірі-никотин. Темекіні үздіксіз шегу адамды никотинге тәуелді етеді. Никотин-темекінің құрамында табылатын алколоид.Темекі шеккен жанның организмі никотинді үнемі талап ететін халге жетеді. Никотиннің адам денесінде аз кездесуінің өзі жүйке жүйесіне  әсер етсе,көп мөлшерде  кездесуі адамның кейбір мүшелерінің жансыздануына соқтырады.

Темекінің зардабынан өкпе қабынып,қатерлі ісікпен ауыратындар саны көбеюде. Пневмония, эмфизема,асқынған бронхит және тыныс алу жолдарының нашарлауы осы темекіден туатын аурулар.Темекі түтінінде формальдегид, бензол,обыр тудыратын өте улы заттар бар. Шылым шегу барысында қанға көміртегі қышқылы түседі.Бұл барлық ағзада, соның ішінде мида оттегінің жетіспеуіне әкеледі. Ер бала ағзасында оттегінің үнемі жетіспеуі болашақта белсіздік тудырмақ. Ал қыз балада жүктілік кезінде қан кету,түсік тастау,сәбидің өлі тууы секілді қауіптер төнеді. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының есебі бойынша,әлемде темекідентуындаған науқастардан жыл сайын 3,5 млн. адам өледі.2020 ж. қарай темекі жылына 10 млн. адамның өмірін әкететін болады.

Адам бойында темекінің залалы тимейтін ағза

жоқтың  қасы:

  • Өкпенің      созылмалы аурулары;

  • Жаңа      туған нәрестелердегі асқынулар;

  • Жүрек-қантамырлар      аурулары;

  • Атеросклероз;

  • Тромбоз;

  • Жүрек      аритмиясы;

  • Ауыз      қуысының,ұйқы безінің ,асқазанның обыры;

  • Инсульт;

  • Өкпе      обыры;

Қазақстанда ерексектердің  1/3 бөлігі темекіге әуес.Балалар мен жастарға қатысты:

12-14 жас аралығында 10%-ы,15-17 жастардың 21%-ы, 18-19 жастар 32 %-ы,

20-25 жастағылардың 39%-ы шылым тартады.

Соңғы жылдары террористік әрекеттің салдарынан көптеген күнәсіз жандардың өмірі қиылды.Ал тыныс жолдарының террористі-шылым болып саналады. Шылымның салдарынан жыл сайын жүздеген мың адам көз жұмады.

Есірткінің адам өміріне зияны

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.

Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.

Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет» деп атап көрсетті.

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында — оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.

Алкоголь – заман дерті.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.
Алкоголь асқорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.

Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орын алады, адам рухани күйзеліске ұшырайды. Көп ішкенде адамның көз алдына жын-шайтан елестейді.

Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандардың арақ-шарап сатуына, оны сатып алуына, арақ-шарап саудасына делдалдық жасауына, ішуі мен құюына тыйым салған.

Әрбір қылмыстық істердің қозғалуы 80-90% арақ ішіп мас болған шақта жасалынады.
Жанұяның берекесі кетеді, олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түссді.
Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.

Қорытындылайтын болсақ бүгінгі күні біздің елімізде осы зиянды әдеттер  мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар.

Жастай шылымға үйренген жастар ұмытшақ келеді. Оқу үлгерімі нашарлайды, тіпті ақыл-ойы кемиді.

Темекі шегушілік студент жастардың арасында жиі кездесетін болып жүр. Әсіресе, қыз-балалардың темекі шеккені көңіл алаңдатарлық нәрсе.

Темекі шегу тұрмыс құрған болашақ аналарға өте зиян. Олардың шеккен әрбір тал темекісі бойындағы нәрестенің денесіне сіңетін улы заттардың мөлшерін 10% көбейтіп, нәрестеге қажетті оттегінің мөлшерін 10% кемітеді екен.

Қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады..

 «Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі» — деп тегін айтпаған.

Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төменде, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестілік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек.

Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, шылым шегуден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, қоғамдағы зиянды дағдыларды тиюға күш бағыттауымыз керек. Болашақ – жастардың қолында!

 

 

 

 

Құрметті ұстаздар және ата - аналар!
Бүгінгі 1 «г» сыныбындағы «Түлік төлден өседі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Осы жерде тәрбие сағатты жүргізетін екі оқушыны ортаға шақырамын.
Жанкүміс
Нұрсұлтан
Ж: 1. Жанкүміс
Қазақ халқы ежелден мал өсірумен айналысқан халық. Олар малдың тіршілік табиғатын, өрісін, қадір – қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың өнімдерін: етін, сүтін, терісін жүнін тіпті сүйегіне дейін өз қажетіне жаратып отырған.
Ж: 2. Нұрсұлтан
Осы халқымыздың ата кәсібі күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр. Біз бүгін осы «Төрт түлік» туралы оның бізге берер пайдасы туралы жете түсінік алып білгенімізді ортаға саламыз.
Ж: 3. Жанкүміс
Енді төрт түлік малға нелер жататынын айтайық.

Ғалымжан (1)
Қой қозысымен, түйе ботасымен, жылқы құлынымен, ешкі лағымен, сиыр бұзауымен төрт түлік малға жатады.
Жүргізуші: Нұрсұлтан
Енді осы әрбір малдың атасы бар.
Ғизат
Қой атасы – Шопан ата
Сиыр атасы – Зеңгі баба
Ешкі атасы – Сексек ата
Түйе атасы – Ойсылқара
Жылқы атасы – Қамбар ата
5. Нұрсұлтан
Енді осы төрт түлік малдарды ортаға шақырамын.
Сиыр (Нұршат) (2)
Сәйгел тисе, мөңкіген
Оңыра тисе, жөңкіген
Ала бас жіп естірген
Мұрнын тура тестірген
Саздау жерген тоқтаған
Үй арасын қақтаған
Сиыр деген мал екен
Қой (Жансейт) (3)
Қорасында маңыраған
Қозысымен жамыраған
Қозысынан айырылса
Қоймай ұзақ аңыраған
Аппақ, қою сүті бар
Ақ шағала құрты бар
Ақтылы қой жануар
Ешкі (Айнұр) (4)
Баста десе бастаған
Қайырып мүйіз жасқаған
Жанына лақ келгенде
Сүзіп сүзіп тастаған
Тастан – тасқа секіріп
Ойнағанын қайтерсің
Жауын жауса қорғалап
Ешкі деген жануар
«Шек» десе де иесі
Болмағанын қайтерсің
Түйе (Жазира) (5)
Маң маң басқан, маң басқан
Шудаларын шаң басқан
Екі өркешін қом басқан
Төрт аяғын тең басқан
Тілін тікен теспеген
Мұрындығы келіскен
Ала бота жегені
Ащы құрап теріскен
«Шөк» дегенде «бық» деген
Шешіп үйін жүктеген
Жылқы (Ғалымжан)
Жылқы ер қанаты. Ол суыққа төзімді, аса сезімтал, талғампаз жануар. Жылқы тақ тұяқты. Жылқыда өт жоқ сондықтан күйіс қайырмайды. Жылқының жүйрігі жорғасы, аяңшылы, желігіші, жүк артқышы болады.
Ж: Жанкүміс
Енді ортаға төлдерді шақырамын.
Құлыншақ (Лаура) (7)
Мен құлыншақ құлыншақ
Әр бір жерге ұрыншақ
Желбіретіп тұлымшақ
Шапқылаймын күнұзақ
Өсіп тұлпар болайын
Бас бәйгені алайын
Бұзаухан (ғизат) (8)
Мен бұзаумын, бұзаумын
Жиі өрістен ұзауым
Тілмен мұрынын жалаймын
Тазалықты қалаймын
Сиыр болам сүт берер
Балаларға күш берер
Лақ (Дәметкен) (9)
Мен лақпын, лақпын
Секеңдеген шұнақпын
Кедергі емес тас маған
Ешкі қойды бастаған
Деген сөзді растаған
Қорқақты артқа тастаған
Қошақан (Нұрбол) (10)
Мен қошақан, қозымын
Момақанның өзімін
Қойдан бөлек лақпаймын
Секірмеймін лақтайын
Жетеді оған төзімім

Мен ботамын, ботамын
Ойсыл қара атаның
Ұрпағына жатамын
Ойнақтаймын баладай
Жалғыз қалсам дала – дай
Боздап дауыс қатамын
Ж: Жанкүміс
Төлдер әнін орындаймыз.
Ж: 7. Нұрсұлтан
Енді осы «Төлдер айтысы» атты көріністі тамашалаймыз.
Ж: Жанкүміс
Бір күні төрт түлік малдың төлдері жиналып қалады. - Иеміз қайсымызды жақсы көреді деп бірінен бірі сұрасыпты.
Бота (Олжас) (12)
Мал қадірлісі біз. Адам біздің тәтті шұбатымызды, мамықтай жүнімізді пайдаланады. Ерте кезде күш көлігі біз болғанбыз. Менің жүнімнен неше түрлі киім жасалады.
Құлын (Лаура ) (13)
Бота сен осы орынсыз мақтанасың. Малдан ешқайсыңыз менен аспайсың. Біз майданның да, еңбектің де тұлпарымыз. Біздің етіміз азық, қымызымыз ем.
Қозы (Нұрбол) (14)
Ием мені жақсы көреді. Адамға мен пайдалымын. Аязға тоңбайтын жылы тондар, жылы киімдер менің жүнім мен терімнен жасалады.
Бұзау (Ғизат) (15)
Сендер осы босқа мақтанасыңдар. Адамға пайдасы мына менмін. Шелек – шелек сүт, қарын – қарын май, құрт ірімшік бәрі менен алынады. Ием мені жақсы көреді.
Лақ (Дәметкен) (16)
Ием мені жақсы көреді. Менің сүтім, етім, түбітім өте қажет.
9. Ж: Жанкүміс
Төлдер өздерін мақтап көп таласады. Бірінің сөзіне бірі көнбей, ақыры иесіне келіп сұрайды.
Иесі (Ғалымжан) (17)
Сендер босқа таласпаңдар бәріңде пайдалысыңдар. Әрқайсыңыздың өз орындарың бар.
10. Ж: Нұрсұлтан
Төлдер осы сөзге тоқталады да тарайды.
11. Ж. Жанкүміс
Әр бір ана өз баласын «ботам», «қозым», «қошақаным» деп жақсы көреді. Ал мал да өз төлдерін былай сүйеді.
Қалдыгүл (18)
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» – деп
Назгүл (19)
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Зарипа (20)
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп
Анар (21)
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тасстан тасқа секірген «шұнағым» деп
Салтанат (22)
Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» - деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп
12. Нұрсұлтан
- Біз өмірде күнделікті көріп жүреміз. Әр малдың дыбыстап шақырылуы бар.

Қой (Лаура) (23)
Қой баласы қоңырым
Қойдай жуас момыным
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасын? Пұшайт 2
Ешкі (Дәметкен) (24)
Жауын жауса бақырған
Ешкі атасын шақырған
Өрісте өскен жануар
Шөкетайым қайдасын? Шөре 2
Жылқы (Нұршат) (25)
Жолға шықсам көлігім
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген
Құлыным менің қайдасың? Қырау 2
Сиыр (Жазира) (26)
Тілімен мұрынын жалаған
Тілімен бойын тараған
Көкке мұрынын шиырып
Көз төңкеріп қараған
Әукешім менің қайдасың? Аухау 2
Түйе (Анар) (27)
Екі көзі танадай
Екі өркеші баладай
Елпеңдеген ойнақтап
Енесіне қарамай
Ойсыл қара баласы
Ботақаным қайдасың? Көс – көс
13. Жанкүміс
Әр бір малдың сыры өз жыры және пайдасы болады.
Ешкінің ережесі (Салтанат) (28)
Таппайтұғын еш тыным
Шекшек ата ешкімін
Жылы менің түбітім
Ежелден ақ сүтім ем
Босқа өтпейді еш күнім
Байыптымын естімін
Той бастаған адамдай
Қой бастаған ешкімін
Жылқы жыры (Нұрбол) (29)
Қамбар ата жылқымын
Жеймін шөптің түр – түрін
Дертке дауа қымызым
Беріп арқан қыл түгім
Жорғалаймын желемін
Болат тұяқ сенерім
Келе қалса қасекең
«Мөр» де басып беремін
Түйенің түйгені (Зәрипа) (30)
Ірі менің сүйегім
Ойсыл қара түйемін
Ежелден ақ ел білген
Күш қуатқа иемін
Қайтқан емес меселім
Құла құмды кешемін
Жүре берем жүк артып
Су ішпей – ақ неше күн
Сиырдың сыры Айнұр (31)
Ел аузынан түспеген
«Зеңгі баба» құт деген
Балалар тез өссін деп
Шелек – шелек сүт берем
Ай мүйізді сиырмын
Баққандарға үйірмін
Келе қалса қасекең
Тесіп берем бүйірін
Қойдың ойы Қалдыгүл (32)
Талайлар – ақ дөй деген
Біздер жайлы сөйлеген
Момын әрі пайдалы
Біз боламыз қой деген
Шопан ата түбіміз
Ұмытпаймыз мұны біз
Жұрттың бәрі ұнатқан
Жұмсақ жібек жүніміз
14. Нұрсұлтан
«Ақтайлақ» әнін орындаймыз.
15. Жанкүміс
Енді төрт – түлік туралы мақал – мәтелдер айтайық
Түлік төлден өседі (Лаура)
Мал баққанға бітеді (Назгүл)
Малды баға біл
Бабын таба біл (Нұршат)
Мал өсірсең қой өсір
Өнімі оның көл көсір (Дәметкен)
Нар жолында жүк қалмас (Жансейіт)
Жылқы ер қанаты (Шарапат)
Малды бақсаң сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан (Қалдыгүл)
Қойшы көп болса
Қой арам өледі. (Ғизат)
Түйе бойына серіп
Жылдан құр қалған (Жазира)
Аттан тай озады
Атадан бала озады. (Ғалымжан)
Аттан айырылсаң да
Ер тоқымынан айырылма (Айнұр)
Сиырдың сүті тілінде (Зәрипа)
Түйе – байлық
Қой – мырзалық
Жылқы – сәндік (Салтанат)
Бір түлікке бай болғанша
Әр түлікке сай бол (Анар)
Мал баққандікі
Жер жыртқандікі (Олжас)
Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді. (Нұрбол)
Семіздікті қара қой көтерер (Шарапат)
Дала көркі мал
Өзен көркі тал (Ғизат)
16. Нұрсұлтан
Енді тиым сөздерге кезек берейік.

Малды сатқанда бас жібімен бермейді. (Лаура)
Малды теппе
Ақты төкпе (Назгүл)
Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. (Жансейіт)
Мал қораға дәретке отырма. (Дәметкен)
Жылқының тұсауын
Малдың өрісін бұзба (Жазира)
Малға теріс мінбе (Қалдыгүл)
Малды басынан ұрма () Анар
Ән: Қошақаным қайда екен?
Ж: Жанкүміс
Жұмбақ Ол не?
Көкке шаншып құйрығын
Шауып келді жүйрігім
Ол не жібек тұлымды?
Оқушылар: Білеміз ғой құлынды.
Нұрсұлтан
Менің атам бақты оны
Үстінде бар ақ тоны
Ол не төлдің бозымы?
Оқушылар: білеміз ғой қозыны
Жанкүміс
Өнері бар сан қилы
Тастан тасқа қарғиды
Ол не шұнақ құлақты?
Оқушылар: білеміз ғой лақты
Нұрсұлтан
Кетпейді ұзақ желіден
Жайылуға ерінген
Ол не айыр жоталы
Оқушылар: білеміз ғой ботаны
Жанкүміс
Енді санамаққа кезек берейік.
Бір дегенім – баспақ
Бұзауды жүр бастап (Салтанат)
Екі дегенім ешкі
Ешкі қайдан есті (Анар)
Үш дегенім үйрек
Жем бер қолға үйрет (Зәрипа)
Төрт дегенім тайлақ
Тайлақты қой байлап (Қалдыгүл)
Бес дегенім бие
Құлынына ие (Шарапат)
Алты дегенім атан
Мініп жүрген – атан (Ғалымжан)
Жеті дегенім жорға
Жорғаны мін жолға (Айнұр)
Сегіз дегенім сиыр
Сиыр тұзға үйір (Ғизат)
Тоғыз дегенім тоқты
Тоқты жемді соқты (Дәметкен)
Он дегенім осы
Төрт түліктің досы (Нұршат)
Қорыту

Урок. Средная группа. Знакомство с цифрой 4.
Урок. Один-много предметов.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу