"Дикий Арманның" әйелі ажырасуға өтініш бергенін айтты

Oinet.kz 10-04-2026

2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен сотталған Арман Жұмагелдиевтің әйелі Айкөл Әлікжанова ажырасатынын айтты. 

Screenshot_6.jpg

Қырғызстандық дизайнер әлеуметтік желідегі парақшасында неке куәлігінің суретін жариялаған. Оның айтуынша, олар заңды некеде болған. Алайда ажырасу туралы ұсынысты бірінші жолдасы тастаған.

Айкөл Әлікжанова бұл жағдай оңай тимегенін айтып, отбасын сақтауға, жолдасын күтіп, қолдау көрсетуге дайын болғанын жеткізді. Дегенмен бәрі тағдырдың жазуымен өзгергенін айтты.

Ерлі-зайыптының бір қызы бар, ол – Жұмагелдиевтің жалғыз перзенті. Оның сөзінше, араларында араздық жоқ, екеуі де ең алдымен ата-ана ретінде қарым-қатынасты сақтауға тырысады.

Сонымен қатар ол жеке өміріне қатысты артық әңгіме таратпауға шақырып, бұл мәселені жария талқылаудан аулақ болуды өтінді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасында көзге де ота жасайды
Азия чемпионатында жеңілген соң Махмұд Сабырхан мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу