Қазақстанда жаңа орден пайда болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Президент "әл-Фараби" орденін енгізуді ұсынды.

"Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді. Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғаның мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі. "Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жиын соңында Президент Ғылым қызметкерлері күніне орай бір топ азаматты марапаттады.


