Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланады

Oinet.kz 09-04-2026

Ішкі істер министрлігі әскери бөлімдерге жасанды интеллект жүйесін енгізе бастағанын мәлімдеді. Ол сарбаздардың көңіл-күйі мен мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылайтын болады. 

Screenshot_3.jpg

Ұлттық ұланның мәліметінше, қазір бұл жүйе 5573 әскери бөлімінде сынақтан өтіп жатыр. Нақтырақ айтқанда әскери бөлімдерге заманауи бейнебақылау жүйесі орнатылады. Ал бұл камералар жасанды интеллект жүйесімен байланыстырылған. 

“Оның басты ерекшелігі – сарбаздардың күнделікті жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және эмоциялық жағдайын саралауында. Яғни, жүйе тек бейнені тіркеп қана қоймай, сарбаз бойындағы өзгерістерді де анықтап, мінез-құлықтағы күмәнді белгілерге талдау жасайды. Егер сарбаздардың әрекетінен агрессия байқалса, жасанды интеллектке негізделген жүйе бөлім командирлеріне, тәрбиешілер мен психологтарға мессенджер арқылы сигнал жібереді. Бұл дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді”, – деді Ұлттық ұланның ресми өкілі Әлібек Абділов.

Screenshot_2.jpg

Энергетика министрлігі елдегі жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді
Наразылық білдірген мұғалімдерге министр түсініктеме берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу