Энергетика министрлігі елдегі жанар-жағармай бағасына қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 09-04-2026

Энергетика министрлігі былтыр енгізілген мораторий аяқталған тұста бензин бағасы өсе ме деген сауалға жауап берді. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов бензин бағасының өсу-өспеуі сұраныс пен ұсынысқа байланысты екенін айтты. 

Screenshot_1.jpg

“Жалпы алғанда жанар-жағармай нарығы нарықтық жолмен қалыптасады. Біз бағаны тікелей реттемейміз, сондықтан олар өзгеріссіз қалып отыр. Баға ең алдымен сұраныс пен ұсынысқа байланысты”, – деді вице-министр.

Сонымен қатар ол елімізде жанар-жағармай тапшылығы жоқ екенін айтты. 

“Шамамен 600 мың тонна бензин және 600 мың тонна дизель отыны қоры бар. Бұл көлем ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Демек тапшылық жоқ, сәйкесінше жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне де негіз жоқ. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, өңірлік штабтар және облыс әкімдіктері жанар-жағармай нарығындағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр. Олар негізсіз немесе күрт баға өсіміне жол бермеу үшін жұмыс істейді”, – деді вице-министр.

ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Қазақстанда әскердегі әлімжеттік жасанды интеллект арқылы бақыланады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу