Ақтөбеде ХҚКО-да жалған құжат рәсімдегендер әшкереленді

Oinet.kz 09-04-2026

Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) заңсыз делдалдықпен айналысқан топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде қылмыстық схема ұйымдастырған бірнеше адам ұсталды.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер ХҚКО аумағындағы жалға алынған кабинеттерде жұмыс істеп, сыйақы үшін жалған құжаттар арқылы шетел азаматтарын тіркеумен айналысқан. Олар негізінен Орталық Азия елдерінен келген азаматтарға заңсыз құжат рәсімдеп берген.

Аталған факті бойынша жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қазақстанда ит иелеріне салық салынуы мүмкін
Баян Алагөзова желіде көп әйел алуды насихаттаған блогерді жазалауды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу