«Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім». Дикий Арманның әйелі мәлімдеме жасады

Oinet.kz 10-04-2026

Қырғызстандық модель және актриса Айкөл Әликжанова  қылмыс әлемінде Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен  ажырасатынын мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, екеуі ресми некеде болған, алайда ажырасу туралы шешімді Арманның өзі қабылдаған. Айкөл бұл жағдайды әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Біз үлкен махаббатпен үйлендік. Мен оны күтіп, қолдауға дайын едім. Бірақ бұл шешім оның бастамасымен қабылданды», – деп жазды ол.

Айкөлдің сөзінше, олардың ортақ бір қызы бар. Сонымен қатар, Арманның бұған дейін ресми некеде болмағанын және өзге балалары  жоқ екенін айтты.

Актриса ажырасу оңайға соқпағанын жасырмай, бұл жағдайдың өзіне ауыр тигенін жеткізді. Дегенмен, тараптар арасында ешқандай реніш жоқ екенін және қыздарын бірге тәрбиелеуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол бұл жеке мәселе екенін айтып, қоғамнан артық әңгіме мен болжам таратпауды сұрады.  Сондай-ақ ол «Дикий Арман» екеуінің неке куәлігін жариялады.

Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев 2025 жылғы 27 қаңтарда ұйымдасқан қылмыстық топ құру, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Бітіру кешіне 41 млн теңге: Білім басқармасы тексеру жүргізді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу