Нұржігітов тірлікті түзей алмады
31-05-2023
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Асыл тастан, өнер жастан шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі, әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған «Жігіт сұлтаны» сайысына қатысатын жігіттердің
жолы ақ болсын, жүлделі орынға ие болсын деп сайысымызды ашық деп
жариялаймыз.
Бүгінгі сайысымызда жігіттер өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай, салт - дәстүрімізді, онымен бірге өз білімдерін, шеберліктерін көрсетеді.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым қол соғып, қошеметтеп жігіттерді ортаға шақырайық.
2 - жүргізуші: Байқауымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1 - жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға
Қорықпастан сахнаға келіп жетті
Әдеппен сіздерменен танысуға
Жігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.
Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын айтып өтсін.
2 - жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай
Ер өнері білінбес,
Қоян - қолтық алыспай.
Сайысымыздың келесі түрі «Қол өнері» жігіттеріміз өздерінің қолдан жасаған
бұйымдарын әділқазыларға әкеліп тапсырсын.
Әділқазылар алқасы өз бағаларын айтады.
1 - жүргізуші: «Талапты ерге нұр жауар» Ол үшін сөзді тыңдай біліп,
сөздерді ойға тоқу керек.
Сайысымыздың келесі түрі «Салт - дәстүр» бойынша сұрақтарға жауап беру
Салт - дәстүр бойынша сұрақтар:
1. Жеті атаңызды атаңыз
2. Жеті қазынаға нелер жатады?
3. Үш ұғымына байланысты
Үш жүз, үш арсыз, үш дауасызды атап беріңіз
4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.
1. Ағайын алтау, ана......(біреу)
2. Ағайынның алтын сарайынан...........(анаңның жыртық лашығы артық)
3. Ана сүтін ақтамағанды...........(ешкім жақтамайды)
4. Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да................(қарызынан құтылмайсың)
5. Отанға опасыздық еткенің өз түбіңе жеткенің
6. Кісі елінде сұлтан болғанша.............(өз еліңде ұлтан бол)
7. Отан үшін күрес..............(елге тиген үлес)
8. Ер жігіт үйде туып,.................(түзде өлер)
Сайысымыздың келесі түрі « Спорт түрлерінен сайыс»
Кір тасын көтеру, қол күрестіру
Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.