Тұнғыш Президент күніне сценарий
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, оқушылардың өз Отанын, туған жерін сүюге қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе сөз.
3. Құттықтау сөз.
4. 7 – сынып оқушыларының әдеби монтажы.
5. 3 – 9 сынып арасындағы оқушыларды «Жасұлан» ұйымына қабылдау.
1 – жүргізуші: Армысыздар ұстаздар мен оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты тізіліс ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)
2 – жүргізуші: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.
1 – жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.
2 – жүргізуші: Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевты тек «халық арасынан шықты» деп айту аз. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі болатын және солай болып қала береді, сонымен қатар ол бұрын - соңды қазақ жерінде туған ең дара ұлдарының бірі екені сөзсіз.
Халықпен осынау тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат - мақсатын айқындап берді.
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік жылдары Президенттің барлық қызметі, барлық әлеуметтік - экономикалық реформалар тек халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салу жалғасуда, қазақстандықтардың өмірі сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Жүйелі түрде халықпен кездесулер өткізіп, алуан түрлі адамдармен жүздесе жүріп, Нұрсұлтан Назарбаев үнемі «ел тамырының бүлкілін» тап басып, танып отырады. Қазақстанның бірде - бір өңірін, бірде - бір ірі кәсіпорнын назарынан тыс қалдырмайды, республиканың барлық түйткілді мәселелері туралы біледі.
2 – жүргізуші: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті. Сөйтіп, 2011 жылғы Қазақстан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%- дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.
1 – жүргізуші: Халықтың осындай қуатты қолдауы мен сенімі арқасында Президент Қазақстанды дамыған экономикасы, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар озық көшбасшы мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асырып келеді.
2 – жүргізуші: Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.(Ән «Қазақ осындай» орындайтын 8 – сынып оқушылары Ертаргинова Камилла. Алимуханова Аружан)
1 – жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін таныты десе болады. Н. Ә. Назарбаевқа арнап шығарған өз өлендерін арнайды.
1 – оқушы (А. Баймолдаева)
Елбасы сен Қазақстанның
Барлық елмен дос болған
Болмаған дұшпан ешқашан
Қазақ елін гүлдендірген
Тірі жүрші елбасы аға
2 – оқушы (М. Токеева)
Отаным Қазақстан,
Желбіреген туы бар.
Отаным Қазақстан,
Егеменді елі бар.
Отаным Қазақстан
Мөлдіреген өзені
Отаным Қазақстан
Жайнаған жасыл орманы
Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған
Жасай бер отаным Қазақстан
3 – оқушы (А. Болатова)
Кең байтақ далалы жеріміз,
Ақ көңіл қонақжай еліміз.
Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,
Алтын, көмір, мұнай байлық кеніміз.
Байтақ жерді басқаратын қамқоршы,
Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.
Елін сүйген, елі сүйген Президент,
Шуақ шашар елімізге күн болшы.
Тәуелсіздік алып берген біздерге,
Нұр ағадай Президент бар біздерде.
Бейбітшілік ынтымақты сақтаған,
Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!
4 – оқушы (А. Баймолдаева)
Елімнің атын айтсам – Қазақстан
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан
Қойнауы қазынаға толы мекен
Байлығым атын айтсам – Қазақстан
Қазақстан – менің мақтанышым
Қазақстан – өзен, көлдер, теңіздер
Қазақстан – қала, жасыл ауылдар
Қазақстанның табиғаты тұнған байлыққа.
5 – оқушы (М. Токеева)
Елбасы елді қорғайды,
Халқы оны қолдайды.
Мен жырлайын,
Сөзбен өрнек өрнейін.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқан, Ұлы Отан.
Басқарған аға Нұрсұлтан!
1 – жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты. Ән «Отаным – Қазақстан» орындайтын 7 – сынып оқушысы Айтқожина Махаббат
1 – оқушы Тоқсан бірде Президентті сайладық,
Еркіндікке белді бекем байладық.
Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,
Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.
2 - оқушы Кемуді білмес кенішті өңір,
Құрсағы құтты сахара демін
Перзенті болат, қорғасын, көмір
Қазақстан республикам менің!
3 – оқушы Бойымда жігер, тұрғанда сенім,
Жалындап өтем, жолыңда сенің.
Өзіңсің мәңгі бақытым барым
Аяулы отан, ардақты елім.
Бойымда қайрат, тұрғанда сенім
Құрбаның болам жолыңда сенің,
Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса
Сүйікті отан, сүйікті елім!
4 - оқушы Қазақтың да болады арыстаны
«Менмін деп президент» қарыспады
Абыржып, жаутаңдап, сасқалақтап
Озған кейбір елдерменен жарыспады
5 – оқушы Әрқашан да ақылшысын тыңдаған
Жеңілсе де, сағы ешбір сынбаған
«Асықпаған арбамен қоян алар»
Деген сөздің түбіне жетпей тыңбаған
6 – оқушы Қажырлы арыстанды сақтайық
Әрбір ісін қолдап мақтайық
7 – Елбасымыз Нұр аға
Салғызып Алтын орда.
Көркейтіп елін қазақтың,
Көрсетпей өмір азабын.
8 – оқушы Жасай берсін елбасы
Қолдап – қорғап ел – жұртын.
Қанша жыл елді басқарып,
Тәуелсіздікті қолға алып.
9 – Жасай бер елім,
Қазағым!
Жасай бер ағам,
Елбасым!
10 – оқушы Қазақстан байлығына қол жетпейді,
Келген адам бұл елден бос кетпйді.
Байтақ елім анамсың ғой кең құшағын,
Алыс кетсем сағындырып сен тұрасын.
11 – оқушы Қазақстан Республикам туған елім,
Әлпештеген анамдайсын сен менің.
Емдейді самал лебін жан, тұлғаны,
Сенсің ғой әр халықтың бар арманы.
12 – оқушы Құрметтейміз, сыйлаймыз біз де сені,
Сұлулығына тамсанамыз әрі – бері.
Алға қойған арманыңды асқақтатып,
Өрмелей бер биік шыңға даңқты ататып!
13 – оқушы Жолбарыстай азуды айға біледік,
Күллі әлем таныған біз ел едік.
Өзге ұлтқа үлгі болған елімнің
Болашағы жарқынына сенелік.
14 – оқушы Қазақ жері қазаны толық дара,
Суы мол, тауы биік, кең байтақ ел,
Байтақ елдің өнуі, өркендеуі,
Президенттің көшбасшылық дарынынан.
Әдемі қалалар бар өлкемізде,
Өскемен, Тараз, Алматы, Семейлерім.
Бәйтерегі биіктеп Астанамда,
Таң қалды әлем жұрт, көрші аумақта.
Халықтың таңдауынан өткен дара,
Қиындықпен, белестерге жеткен дана.
Халқымыздың жағдайын жақсартатын,
Елбасымыз әрдайым асқақтасын.
Тәуелсіз елімізбен мақтанайық,
Әлемге «Алаш» атымен танылайық.
Жиырма екі жылдық толағай табысымен,
Амандығын тілеймін Елбасының!
15 – оқушы Желтоқсанда қарлы боран жауындатқан,
Жастарын жас алаштың ұрып соққан.
Қанға бояп, таяқпен ұрып - соғып,
Арулардың шашын жұлып, қансыратқан.
Тәуелсіздік аламыз деп жаңғырады,
Жанарынан ұл – қыздардың от жанады.
Шеруге шыққан алаш өрендері,
«Қайран елім, қазағым» - деп жар салады.
Егемендік орнады елімізге,
Тәуелсіздік жайғасты төрімізге.
Бірлігімнің бұзылмады қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреді байрағы
Осы күнге жеткізген Елбасымның,
Тілеймін әрқашан да амандығын.
16 – Тәуелсіздік оңаймен келген емес,
Оны ешкім ала ғой деп берген емес.
Қанша адамның басына пәле төніп,
Бұл сұмдықтың болғаны елес емес.
Ресейге де тәуелді болды емес пе,
Тәуелсіздік арман боп келді емес пе?!
Теңдік үшін үзілді Қайрат, Ләззат,
Қыршын өмір жауқазындай солды емес пе,
Бақыт құсы қазаққа қонды емес пе?!
Әр елдің жүрегіне жол тапқан,
Елбасымыз кемеңгер, дана емес пе!
2 – жүргізуші: Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән. Дей келе кезекті әнге берейік. Ән «Көк тудың желбірегені» 9 – сынып оқушысы Толеуханова Айзат.
1 – жүргізуші: Жасұлан ұймына оқушыларды қабылдауға оқушыларды ортаға шақырамыз.
2 – жүргізуші: Қорытынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып, жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай?
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертең
Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен салтанатты тізілісіміз аяқталды. Сау болыңыздар!