Махаббаттың тілі
01-04-2021
Кез келген адамның бойында махаббат болу керек.Тәнге ас керектей, жанға да махаббат керек.Ас ішпесе тән әлсірегендей, махаббат болмаса жан (рух) әлсірейді екен....
Адамды артықшылығымен емес, кемшілігімен қоса жақсы көру, махаббаттың ең биік шыңы.
Шындығында, махаббат адамды соқыр қылмайды, керісінше оның көңіл көзін құндылықтар әлеміне ашып жібереді.
Махаббатты өлтірмей ұстайтын негізгі фактор - сезімдер емес, ғашықтардың қайталанбас адами қасиеттері.
Құмарлық бізді соқыр қылады. Ғашықтық көзімізді ашады. Махаббаттың шұғыласы сүйген жарыңның рухани табиғатын көруге көзіңді өткір қылады. Махаббаттың шаттығын, бақытын, мастығын тағы басқа нығметтерін айтпағанда мынадай құдіреті және бар: махаббаттың себебінен дүниеге жаңадан адам (сәби) келеді.Оның да іші қайталанбас құпияға толып тұрады.
Отбасы хрестоматиясы "Махаббаттың мәні" кітаптабынан үзінді.