Махаббаттың тілі

Oinet.kz 01-04-2021 719

image.png

Америкалық психолог Гэри Чепмен ерлі-зайыптылар арасындағы бір түсініксіз құбылысты байқады. Бірде оның қабылдауына ажырасудың аз алдында тұрған бір жас отбасы келді. Оқиға былай басталған екен:

Демалыс күні отағасы келіншегін саябаққа алып шығып, бірге серуендемекші болады. Кешке киноға баруды жоспарлап, екі билет алып қойған екен. Сөйтіп демалыс күні жұбайына тосын сый жасайды. Әйелі ол күнге басқа нәрсе жоспарлаған екен. Ол «Күйеуімнің бір күн демалысын пайдаланып, алашаның шаңын қақтырып алайын, түстен кейін күйеуіме дәмді тамақ пісіріп берейін» деп үй тазалауды бастап кетеді. Осы жерден ұрыс-керіс басталады. Күйеуі:

– Мен сені саябаққа шақырдым. Қыдыртқым келді. Күні ұзақ үйде отырсың. Кішкене сергісін десем, сенің жүргің келмейді. Менің сезімімді елемейсің, – деп ашуланады.

– Тазалық жасасам да, сенің үйіңе жасап жатырмын. Осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығамын. Бір күн маған көмектессең, болады ғой, – деп әйелі өкпелейді.

Бұл жерде әйелдің де, күйеуінің де ниеті дұрыс. Екеуі де бір-бірін сүйеді, бірақ махаббаттың тілін түсінбей тұр. Әйелі үйді тұп-тұйнақтай жинап, кешке тәтті тамақ пісіріп күйеуіне махаббатын білдіргісі келді. Ал күйеуі әйелін серуендетіп, сүйген сезімін жеткізуді ойлады, яғни махаббатын әрқайсысы өз «тілінде» түсіндіріп бағады. Бірақ ниетін дұрыс жеткізе алмай, арты ренішке, ұрыс-керіске, ажырасуға әкелді.

P.S: Егер әйелі күйеуінің тосын сыйына қуанып, демалыс күнді көңіл көтеруге арнаса, оқиға қалай өрбіген болар еді? Күйеуі екі білегін түріп тастап, жан жарына қолғабыс етсе ше? Сіз қалай ойлайсыз?

Әлемді тану үшін өзіңді таны!
Темекі қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу