Темекі қалай пайда болды?

Oinet.kz 01-04-2021 1017

image.png

Алла Адамды топырақтан жаратты. Періштелер адамға сәжде етті. Ібіліс иілмеді. Алла:

– Ей, Ібіліс! Неге адамға тағзым етпедің? – деді. Сонда Ібіліс:

– Мен оттан, ол топырақтан жаралды. Одан артықпын, – деді. Алла қаһарланып, Ібіліске лағнет қамытын кигізді. Алланың қаһары жауғанда Ібіліс қорыққаннан зәрін жіберіп қойды. Айнала ластанды. Алла періштелерге:

– Мына малғұнның зәрін жерге шашыңдар. Кімде-кім хақтан тайып, Ібілістің жолын ұстанса, оның жейтін тамағы осы зәрден болсын, – деді. Періштелер оның зәрін жерге шашып жібереді. Оның зәрі тиген жерлерден темекі, насыбай, көкнәр өсіп шығыпты.

Махаббаттың тілі
Қыздың орны (қисса)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу