Өмірлік мақсат туралы шығарма
Өмір – ақ пен қара. Жеңіс пен жеңіліс. Арман мен мақсат. Бізге әркез тосын сыйларын дайындап тұрады. Өмір сыйларының қай тұстан қалай келетінің біле алмаймыз. Барлық уақытта бәріне дайын болып тұрғанымыз абзал. Әркез қиыншылық пен қуаныш, үміт пен күдік қатар жүреді. Бұл өмір заңдылығы.
Қуаныш келсе тасымай, қайғы келсе құламай өмір сүре білу бұл біздің үлкен жетістігіміз болмақ. Өмір сүру үшінде адамға биік мақсат керек-ақ. Өмірлік мақсат – сені ғұмыр бойына алға жетелеп жүруші күш. Адам баласы әуелгіде қиялдап, армандайды. Асыл арман уақыт өте нақты мақсатқа ұласады. Мақсатын нақты болған сайын сенің әрекеттерін де нақтылана түседі. Күнделікті таңертең мақсатына қарай бір қадам болсада жүруге, оны іске асыру үшін талпыну сынды ойлармен оянасың. Әрбір жаңа күн саған өз-өзіне, мақсатынның орындалатынына деген нық сенімді тарту етеді. Кейде өмірде бізді жасытып, жігерімізді құм ететін, ертеңгі күнге деген сенімінді арттыратын жағдайлар болады. Сондай уақытта өмірден түңілмей, алға қарай нақты қадамдар басып жүре алған жан ғана бір жетістікке жетеді. Биіктен көрінеді. Асыл арманы мақсатқа, өмірлік мақсаты нәтижелі жетістікке жеткізеді. Сол себептіде әр адам өзінің өмірлік мақсатының орындалатынына шүбәсіз сену қажет. Армандар орындалады. Мақсаттар нәтижелі жетістікке жеткізеді.