Адамгершілік туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 3051

Өмір сүре білу – өнер. Өмір кереғар ұғымдардан тұрады. Жақсылық пен жамандық. Танысу мен айырылысу. Бұл өмір заңдылығы. Адамның өмірде өз орнын табуы үлкен жетістікпен пара-пар. Адам болып қалыптасуында оның мінез-құлқы аса маңызды. Мінез-құлық уақыт өте әдетке, әдет өмірлік мақсатқа ұласады.

ec7dd2.jpg

Адам бойындағы жақсы қасиеттер оның қалыптасуына  зор ықпалын тигізеді. Ізгі қасиеттердің арасындағы ең маңыздысы адамгершілік болмақ. Адамгершілік – адамның бойындағы ең асыл қасиеті. Адамның өзгелерге көмектесуі, қиналған жанға сөзбен не іспен қолдау көрсетіп, жанынан табылу адамгершіліктің асқан биігі. Пенде рухани жағынан бай болған сайын өмірі мәнді не мағыналы болары анық.

Адамгершілік адамның арқауы. Қараңғы өмірдегі шамшырағы. Адамгершілікке адамның адалдығы, әр істегі әділеттілігі, өзгеге қамқорлығы сынды адами қасиеттер жатады. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойынан табылғанда бүкіл әлемде тек  бейбітшілік пен жақсылық болушы еді. Бейбіт әлемде өмір сүрген жанның ертеңгі күнге деген сенімі артып, өмір сүруге деген махаббаты беріктене түсері анық.

Адамгершілікті бала бойына сіңіру ата-ананың басты парызы. Туылған сәттен өзіне деген қамқорлықты, мейірім мен жанашырлықты, адалдықты көріп, бойына сіңіріп өскен бала келешегі өзіде өзгелерге сондай қарым-қатынаста болады. Ата-ана мен мұғалімдер, қоршаған орта баланың өмірде рухани бай адам болып қалыптасуында зор маңызға ие. Кейінгі ұрпақ үлкендерден көрген іс-әрекеттер мен бойындағы қасиеттерді алады. Мінез-құлық ұрпақтан ұрпаққа қан арқылы өтеді екен әрбір келер ұрпағыңның тағдырына алаңдайтын жан қазірден бастап бойына адамгершіліктің ең биік қасиеттерін сіңіріп, өскені абзал. Адамгершіліктің туы желбіреген ортада әркез бейбітшілік пен бірлік болары хақ.


Өмірлік мақсат туралы шығарма
Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі (реферат)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу