Жеңіс күні туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 2200

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. 

Бейбіт өмір сүріп жатқан халықтың өміріне неміс әскері кірген бойда, Отанының азаттығы мен халқының бас бостандығы үшін жан аямай сұрапыл соғысқа қадам басқан әрбір жауынгердің  ерлігі мен Отанға деген өшпес махаббаты ешқашан ұмыт болмақ емес. Елге жеңіспен оралған әрбір азаматты халық құрметтеп әрі қадір тұтатынымыз анық. 

v8txPYKc-SQ.jpg

4 жыл Отанынан, отбасынан жырақта жау тылында жүрген жауынгердің әрбір ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге  әрі тәлім-тәрбие. 1945 жылы 9-мамыр көптен күткен Ұлы жеңіс күні. Бұл күні барша халық қуаныштан жылап, соғысқа кеткен ер азаматтарын күтіп, мәре-сәре болған тарихи күн. Соғыс қаншама жастың жүрегіндегі патриоттық сезімінін күшін дәлелдей білді. Келер ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезімді ұялата білген қаншама батыр аталарымыз бен аналарымыздың өшпес ерлігі әркез жадамызда. Атағы алты алашқа таралған өр рухты Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов,  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәмәтова  сынды батыр тұлғалардың есімдері халық есінде. Батырларымыз соғыста жаумен арпалысса, елде қалған аналарымыз батырларымыздың қару-жарағы мен тамағын дайындап, тылда жұмыс істеді. Барша халық жұдырықтай жұмылып жаудың еңсесін баса біліп, бірлік пен татулықтың туын тік ұстай алғаны үшін бұл жылдар ұмыт болмайды. Ал Рахымжан Қошқарбаев орнатқан жеңістің байрағы аспан әлемінде желбірегенде қуанбаған, жыламаған жан болмаған шығар, әрине. Бұл күн – тарихи күн. Қаншама уақыт өтседе мән-мағынасын жоймайтын бұл күннің халық есінде мәңгі қалары анық.

Жалғыздық туралы мақал-мәтелдер
Кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу