Кәрілік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1170

Кәрілік - дауасыз дерт.


Кәрінің бары игі.


Кәрі білгенді пері білмейді.


Күлге шөккен кәрі бура.

Картинки по запросу старость

Кәрі кісі де бір,

Кәріп кісі де бір.


Кәрісі кімнің бар болса,

Хаты соның қолында.


Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты.


Көңіл қартаймас, көз қартаяр.


Қарсы келсе кәрілік,

Қара нарды шөктірер.


Күні өткеннің күні артық.


Ақылды қарт айып іздемейді.


Ұрының өзіне лайық сойылы бар,

Қарттың сөзіне лайық орны бар.

Жеңіс күні туралы шығарма
Жастық пен кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу