Жастық пен кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Жастық - жалын, кәрілік - құл.
Жас -кәрінің көзі,
Кәрі - жастың кезі.
Жастық көкке,
Кәрілік жерге қаратады.
Жастықта да кәрілік тұр,
Байлықта да жарлылық тұр.
Атты жасқа сынат,
Жасты кәріге сынат.
Жас жалтаңға қашар,
Кәрі қалыңға қашар.
Кәрі жатса қунайды,
Жас жүрсе қунайды.
Қария тыңдалмаса,
Жігіт шыңдалмайды.
Ілгері басар жасты,
Кертартпа кәрі қайтарады.
Жастықта жалыны жоқтың,
Қартайғанда тәлімі жоқ.