Ұлыстың Ұлы күні туралы шығарма
Көктем келіп, жер беті өзгеше күйге енген, қызылды-жасылды гүлдер жайнап, ағаштар бүр жарып, табиғат жандана бастаған сәтте түркі елдерінің төл мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланады. Бұл мерекенің халқымыз үшін алар орны тым бөлек. Наурыз мерекесі – қазақи Жаңа Жыл. Барша жаратылысқа жан бітіп, күн мен түн теңеліп, әлем өзгеше құлпыратын уақытта бұл мерекені кең көлемде жылда тойлаймыз.
Үлкен алаңда 12 қанатты киіз күй тігіліп, алтыбақан құрастырылып, көкпар, қыз қуу, қолкүрес, арқан тартыс сынды ұлттық ойындар ойнатылып, дастархан бетіне сүт, айран, бауырсақ, ірімшік, қымыз-шұбат сынды ұлттық тағамдар қойылып, халықты қонақа шақырып мәре-сәре болады. Бір-бірімен ренжіскен адамдар төс қағысып, реніштерін ұмытып, татуласады. Ұлттық әндер айтылып, қара жорға биленіп, айтыскерлер айтысып үлен мерекелік бағдарлама жасалынып, халық шад-шадыман күйде болады. Жастар жағы алтыбақан жанында әзіл-сықақ айтысып, өлеңдер оқылып, көніл-күйлері жайдарлы болады. Бір-бірлеріне сыйлық сыйлап, есте қаларлықтай ғажап етіп өткізеді. Бұл мерекенің символы – Наурыз көже. Наурыз көже – ұлттық тағам. Халық дәстүрі бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы салқталған қазы-қарта, шұжық т.б. қосылады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атай береді. Наурыз көжеге, меркелік дастарханға бата берілген соң, жиналған халық «Ақ мол болсын» деп тілек айтысып, тарқасады.