Биыл Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
22-08-2023
Отан отбасыдан басталады. Отбасы мүшелерінің жарасымдылығы әркезде де маңызды орын алады. Отбасыдағы татулық пен бірлікті орнықтырушы ата-ана. Бауырлар арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік әрқашанда отбасы татулығына тікелей әсер етеді. Ата-ананың перзенттеріне айтып отыратын ақылы мен берген тәлім-тәрбиесі олардың үлкен өмірде өз орнын тауып кетуіне зор ықпал етеді.
Жанұядағы кішілер үлкен аға-әпкелерінің істегенін қайталап, солардан үлгі алары анық. Отбасыда әр баланың иығына артылатын жауапгершілігі мен өзіндік орны бар. Аға-әпкелері үй шаруаларын істеп жатса іні-сіңлілері оларға көмектесіп, жандарында жүреді. Іні әрқашанда ағаның қолғанаты, жанындағы сенімді серігі. Кез келген қиын жұмыстарды інісінің көмектесуімен аяқтайды. «Әкесі бардың ырысы бар, інісі бардың тынысы бар», « Жақсы аға – орман, жақсы іні – қорған», «Әуелгі сөз – ағадан, әдепті сөз – ініден» сынды халқымызда аға-іні жайлы өнегелі мақал-мәтелдір көп. Іні қандай жағдай болмасын сенің сөзіңді сөйлеп, сені құрметтеп, жаныннан табылатын жалғандағы көмекшің. Ол сенің болмасыңды қайталайтын ерекше жақының. Сенің бойындағы қасиеттерді өзіне сіңіріп, сенің салып берген сараптал жолынмен әркез жүреді. Ең бастысы, аға мен іні арасындағы сыйластық пен бауырмашылдық сезімі түгесілмегені дұрыс. Өмірдің қызығы жанындағы жақын бауырыңда емес пе?