Өтірік туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 5327

Өтірік айтқан жерде көп тұрма.


Өтірікші алдымен өзін алдар.


Өтірікшінің куәсі қасында.


Өтірікшінің сөзіне нанба, қисынына нан.


Түстік жерге өтірік айтсаң,

Кешке ізіңмен барады.


Дерексіз сөз нанымсыз.


Ер өтірік айтпайды, ез өтірік айтады.

Картинки по запросу люди в очках

Қатын өтірік айтпайды, қағыс естиді.


Көз көрмесе, сөз құлақты алдайды.


Екі рас бір өтірікке желім болады,

Екі өтірік бір расқа ірің болады.


Өтірікші айғақ қойып сөйлейді.


Екі өтірік бір антпен тең.


Әкеңнің өлгенін жасырсаңғ көмгенін қайтесің?


Адамды алдау - арыңның алдында куә,

Ағаны алдау - ананың алдында күнә.


Өтірік пышақ қынға қас,

Өтірік сөз жанға қас.


Адам құрсақтан арымайды,

Құлақтан ариды.


Өтірікші түске дейін өзіне сенбейді.


Өтірік ырысты байлайды.

Іні туралы шығарма
Өсек туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу