Өсек туралы мақал-мәтелдер
Өсектің өртінен дерті жаман.
Ішек, қарын ет болмайды,
Өсекшіде бет болмайды.
Жамандауға шебер болғанша,
Мамандауға шебер бол.
Аузы ыңғайсыз жерден тесілген.
Қатты жүрсең «қазық аяқ» деп,
Ақырын жүрсең «маймақ аяқ» дер.
Көлгірге сенбе, былжырға ерме.
Аузына сөз тұрмастың,
Бір жерде өзі тұрмас.
Мақтаған жеткізер, шаққан өлтірер.
Өз басындағы отты көрмей,
Біреудің басындағы шоқты көрер.
Өзінің боғын көрмей,
Біреудің шоғын көрер.
Өсектің уыты уақытында.
Өсек сөз өгізді де өлтіреді.
Өсекке керең бол,
Ойға терең бол.