Арамза туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 01-01-2020 1495

Арам әрекет елден кеткізер.


Арамның адымы қысқа.


Аңқау астыңа қарайды,

Арамза үстіңе қарайды.


Арамның ісі өрге баспайды,

Өрге басса да, өрден аспайды.

Картинки по запросу люди в очках

Тасқа тісі өтпеген жалайды.


Ішіне кіріп, сыртынан шығар.


Опасыздан құзғын да жиренеді.


Қара суды теріс ағызған.


«Илла, біллә» - арамның анты.

Сұм, қу туралы мақал-мәтелдер
Іні туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу