Менің анам жайлы шығарма
Ана – үш әріптен және шексіз махаббаттан құралған терең мағыналы сөз. Анасы бар адамдар ешқашан қартамайды. Расыменде біз өз отбасымызды құрып, балалы-шағалы болсақта анамыз үшін әркез кішкентай бөпе кейпінде қала бермекпіз. Ана махаббаты құдыретті күш. Оны ешқандай сөзбен жеткізу әсте мүмкін емес. Оны тек жан жүрегінмен сезіну қажет.
Менің анам әлемдегі ең ғажап жан. Оның бойындағы маған деген шексіз махаббаты мен мейірімі жанымды жадыратып, қуантады. Анам маған сенім артып тұрғанда менің алар асуым мен шығар биігім әркез көп болмақ. Менің қауіп-қатерден аман жүргенім анамның әркез Жаратушыдан мен үшін жасаған дұға-тілектерінің арқасы. Мен барлық дүниені анаммен ақылдасып істеймін. Білмегенімді сұрап, қиналған мәселемді де анамның көмегімен лезде дұрыс бағытта шешемін. Ол әркез маған тура жол бағыттаушы ірі тұлға. Біздің үйдің берекесі де анамыз. Анамыз үйде кезде баршамыз қуанышты күйде, көңілденіп, үйдің іші шад-шадыман күлкіге толы болады. Ол кісінің мені жақсы, көргенді қыз болғанымды қалағаны үшінде өз ақылың айтып ұрсатын кездері де болады. Мен оған мүлдем ренжімеймін, керіснше қуанамын. Анамның осындай мейірімі мен қоса ұрсқан сөздерінде естіп жүргеніме. Әлемде қаншама балалар бар ана мейіріміне, ананың ыстық алақаны мен тәтті еркелетекен сөздеріне зар. Анасын құмарлана иіскеп, құшақтағысы, оның «айналайын» деп маңдайынан сүйетін әсем көрінісін сезінгісі келетін жандар қаншама. Мен бұл әлемде анама ұқсаған дана да дара, білімді, ақылды, көргенді жан болғым келеді. Мен анамды шексіз жақсы көремін