Табиғат туралы шығарма

Oinet.kz 21-12-2019 10162

Табиғат – бізді қоршаған әлем. Адам табиғатсыз, табиғат адамсыз болмайды. Табиғат пен адам екеуі егіз ұғым. Табиғаттың таза ауасы адам жанын жадыратып, көкірегіне қуаныш сезімін ұялатады. Табиғаттағы болып жатқан әр құбылыс Алланың бізге берген шексіз нығметтерінін бірегейі. 

1389851595_tabi5at.jpg

Табиғаттың өз әуені мен өз көрінісі бар. Жаздың әсем кештеріндегі самал желдің сыбызы, құстардың шырылдаған үні, шыбын-масалардың ызыны, бұлақтардан сарқылдап ағып жатқан судың дауысы, кешкісін болатын күннің ғажап шұғыласы мұның бәрі табиғаттың адам ойына келмейтін көрікті көрінісі.

Табиғат – баршамыздың ортақ үйіміз. Адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер мекендеген қасиетті Жер-Ана. Барлығын жат сынбай бауырына басып жатқандығы үшінде біз табиғатты «Жер-Ана»  деп қастерлейміз. Қоршаған ортаны қорғау әрбіріміздің басты міндетіміз. Көктемде жаңа балдырған шөптер шығар алдын жан-жақта қоқыстар мен зиянды заттардан арылтып, тазалаймыз. Ағаштардың түбін ақ әкпен жағып, бұрынғы ырымдарға сәйкес айран құямыз. Су ағатын арықтар мен бұлақтардың көзін ашып, тазалап табиғатқа көмектесеміз. Сол арқылы бойымызға туып өскен ортаға, Отанымызға, тіпті бүкіл ғаламшарға деген шексіз махаббатты ұялатамыз. Табиғатты сүйіп, әркез оны аялайық!

Ауа-райы туралы шығарма.
Жыл құстары туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу