Шындық туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 07-12-2019 2532

Шынға жерік - сырға берік.


Шындық жоқ жерде сұмдық көп.


Шын сөз абақтыдан шығарады.


Шындықтан зор палуан жоқ,

Ол жауды да жығады,

Қамалды да бұзады.


Өтіріктің шиесін шындық шешеді.


Жыртық үйді жел табар,

Өтірік сөзді шын табар.

Картинки по запросу жизнь

Таң атпайын десе, Күн болмайды,

Өтірікті қуалап, шын қоймайды.


Бал тамған өтіріктен,

Қан тамған шындық артық.


Сыр - шымылдық, шындық - айна.


Алашағыңа сенбе,

Алғаныңа сен.


Сақалыңа сенбе,

Ар-ожданына сен.


Суды шым тоқтатар,

Сөзді шын тоқтатар.


Ақиқаттың есебі айнымайды.


Ашықты машық іздер.


Шындық - шипа, өтірік - дерт.

Әділдік туралы мақал-мәтелдер
Сыйластық туралы мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу