Мәжіліс депутаты Назарбаевтың күйеубалалары не үшін қызметтен кеткені туралы шындықты айтты
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компанияларының басқарма төрағалары Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов не себепті қызметтерінен босатылғанын түсіндірді. Бұл туралы "Говорит Москва" радиосына берген сұхбатында айтты.
"Бұл кадрлық өзгерістер ел үшін маңызды. Депутат: Іс жүзінде бұл Қазақстан экономикасын олигархтардан тазарту болып отыр. Процесстер басталды", - деді Саиров.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу балалары QazaqGaz және "Қазтрансойл" ұлттық компанияларынан босатылғаны белгілі болған.