Көрші туралы мақал-мәтелдер
Көрші қолайлы болса, қора кең
Жақсы көрші - саяң,
Жаман көрші - шаян.
Ауласы бірдің ауасы бір.
Жақсы көрші тапқаның -
Мол олжаға батқаның.
Өзіңе өзің берік бол,
Қоңсыңды ұры тұтпа.
Жеті жыл жерлес болғанмен жесірлес боласың.
Отты түрте берсең, өшеді.
Көршіні түрте берсең, көшеді.
Көрші қадірін не түйе,
Не диірмен қайырады.