Қазақстанда аптап ыстық күтілуде

Oinet.kz 14-07-2019 936

Screenshot_2.jpg

14 шілде күні елімздің бірқатар өңірінде аптап ыстық күтілуде. Оған қоса, синоптиктер өрт қаупінің төтенше деңгейі жөнінде ескертті деп хабарлайды "Қазгидрометтің" баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжауынша, аптап ыстық Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай облыстары мен ШҚО және СҚО-да орын алмақ.

Қызылорда мен Қарағанды облыстарында ауа райы аса ыстық болады деп күтілуде.

Төтенше өрт қаупі ШҚО, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында сақталып тұр.

Жауын-шашын тек атмосфералық фронттар өтетін жерлерде болмақ. Ол өңірлерде жаңбыржауып, жел күшейе түседі. Оған қоса, найзағай жарқырап, нөсер болуы мүмкін.

Қазақстанның батысында да жауын-шашын болмақ.

Мұхит Отаршиев: «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жазасы күшейтілмек»
Арыс қаласында 804 үй қалпына келтірілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу