Шәмші Қалдаяқовтың ішіп жүргенде Мұхтар Шахановқа айтқан сыры

Oinet.kz 05-07-2022 3557

- Шәмші екеуміз ағалы-інілі болдық. Менің анам – он үш бала туған жан. Сол он үш баладан мен ғана тірі қалғанмын. Бірақ анамнан “Қанша балаңыз бар?” деп сұрағанда, ол үнемі:

Screenshot_11.jpg

“Үш балам бар. Үлкені – Шәмші Қалдаяқов, ортаншысы – Төлеген Айбергенов, кішісі – Мұхтар Шаханов”, – дейтін еді. Шәмші де, Төлеген де дүниеден өткенше шешеме ерекше құрметпен қарап кетті. 

Менен Шәмші он екі жас, Төлеген Айбергенов бес жас үлкен еді. Соған қарамастан, арамызда достық серті бар. Бұл ұсынысты (айтқанда) Төлеген: «Өмірдің соқтықпалы, соқпақты бұралаң жолдарында, бір-бірімізге шетсіз, шексіз адал болуымыз үшін ылғи да бір-біріміздің шыншыл істерімізді қолдап, сыртқы пенде көздерден қорғап, қуаттап жүруіміз үшін, кеудемізге кеудемізді түйістіріп, оң қолдарымызды бірінің үстіне бірін міңгестіре, бір жұдырыққа айналдырып, серттесуіміз керек!» – деді. Шәмші де, мен де Төкеңнің ұсынысын қуана қолдадық. Көйлегімізді шешіп, өзара кеуде тоғыстырдық. Адал болатынымызды айтып серттестік. Анам көзіне жас ала отырып, алма-кезек бетімізден сүйді. Сорымызға қарай, Төлеген отыз жасында тіршілікпен қоштасты. 

Кейін Шәмші екеуміздің арамызда салқындық тудырған оқиға болды. 

Шәкеңнің қатты ішіп жүрген шағы еді. Төлеген өмірден өткен соң, оның әйелі Үрнисаға үйленіп алды. Өз басым (мұны) қабылдай алмадым. Алматыға (Шәмшіге) телефон соғып: «Баяғыда бір-бірімізге адал боламыз деп серттескен едік. Оны бұзғаның несі? Басқа әйел құрып қалды ма? Ертең өлсем, менің әйеліме үйленіп аласың ба?» – деп қатты ренжідім. Арада екі-үш ай өткенде, таңалагеуімде Шымкенттегі үйімнің қоңырауы шылдырады. Ашсам, Шәмші мен Үрниса. Қолдарында үлкен қолсандығы бар. Шәкең мені құшақтап сүюге ұмтыла беріп еді, қолымды көлденең тұттым. «Ара қатынасымызға нүкте қойылды. Сау болыңыздар!» деп есікті тарс жауып, үйге кіргізбедім. Екеуінің жұбайлық өмірі үш жылға ғана созылды. Кейін Шәмші арнайы келіп, «Төлегеннің балаларына қол ұшын беру үшін Үрнисаға үйлендім» дегенім сылтау екен. Оларға қарасып тұра алмадым. Төлегеннің аруағынан да кешірім сұраймын» деп кешірім сұрады. Көңілде «әттеген-ай» болғанымен, араластығымыз қайта басталды. Одан кейін де бірлесіп жазылған талай ән дүниеге келді".

Естелік иесі Мұхтар Шаханов

(Сұxбаттасқан: Марфуға Шапиян. "Әдебиет порталы")

Бастық боп адам танымай кеткен күйеуін тәубесіне түсірген әйелі
Түрмеде ауызынан ет үзілмеген қазақ жазушысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу