Мысық өміріңізді ұзартады

Oinet.kz 02-01-2021 1183

Жер бетінде ең көп таралған «емшілер» – үйдегі мысықтар. Егер иесі олармен сенімді, дұрыс қарым-қатынас орната алса, онда мысық иесінің ауру жерлерін тауып, емдей алады. Олар ауырған жерге жатып, мияулап (дыбыс терапиясы), пырылдап (вибротерапия), өз жылуымен жылытады, ауру да басылады. Жағдай тым күрделі болса, мысық бірнеше сағат бойы науқастың үстінен түспеуі мүмкін. Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер мысығы жоқ кісілерге қарағанда дәрігерге 5 есе аз барады екен.

мысық.jpg

1. Жүрек-қантамыр аурулары

Мысықтардың иелерін инфаркт пен гипертониялық кризден құтқарғаны жайлы түрлі әңгімелер бар. Мысық тіпті болуы мүмкін ұстамаларды да алдын-ала сезіп, иесіне түрлі тәсілдермен ескертеді. Үйдегі мысық миокард инфарктісінің қайталану қаупін азайтады. Жақында жүрек талмасын өткерген адам өзінің сүйікті мысығын бірнеше минут сипалағаннан кейін қан қысымы мен импульсті қалпына келеді.

2. Асқазан-ішек жолдарының аурулары

Мысықтарды сипалау ас қорыту үшін де пайдалы. Қысқа түкті немесе түксіз мысықтар (сфинкс, сиам, парсы, абиссин, тонкин, кораттар, мысырлық мау), әдетте, асқазан-ішек жолдары, жыныс және зәр шығару жүйесінің ауруларын басқа мысық тұқымдарына қарағанда жақсы емдейді.

3. Стресс және шаршаңқылық

Мысықтар шаршауды, стресті басып, бас ауруын жеңілдетеді, қысымды төмендетеді және импульсті қалыпқа келтіреді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Қалың түкті мысықтар — cібір, ангора, парсы, бирма, норвегиялық орман мысықтары керемет психотерапевт және невропатолог. Олар ұйқысыздықтан, депрессиядан зардап шегетін адамдарға көмектеседі.

Қара мысықтар адамның теріс энергиясын басқа мысықтарға қарағанда екі есе көп алады. Қызыл, жирен түсті мысықтар адамға өздері оң қуат береді, ал сұр-көк мысықтар миыңызды тыныштандырады. Ал ақ түсті мысықтар – барлық жағынан теңдесі жоқ емшілер.

4. Иммунитетті арттыру үшін

Егер сіз күн сайын 4-16 гц жиілікте орындалатын мысықтың пырылдауын тыңдасаңыз, бұл иммунитетке жақсы әсер етеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Ғалымдардың пікірінше, мысықтың пырылы ультрадыбысты емдеуге ұқсас, жаралардың жазылуын, сүйектердің өсуі мен қатаюын жылдамдатады. Парсы мысықтары буын аурулары мен остеохондроз белгілерін жеңілдетеді.

5. Өміріңізді ұзарту үшін

Геронтология институтының ғалымдары мысықтың өз асыраушыларының өміріне әсерін зерттей келе, өмір бойы үйде мысық ұстағандар мысығы жоқ адамдарға қарағанда орташа есеппен 10,3 жыл ұзақ өмір сүреді деген қорытындыға келді. Олардың қан қысымы жақсы және қандағы холестерин мөлшері төмен болып шыққан.

6. Алтын ине салатын «мысықтар»

Мысықтар «ине терапевттері» ретінде әрекет ете алады: иесі мысықты көтергенде ол тырнақтарын босатады. Ал тырнақтары ине салу процесіндегідей рефлексогендік аймақтарды тітіркендіреді, оятады. Бұл емдеу әдісі халықтық медицинада бежелден қолданылып келеді.

7. Энергетикалық құрал

Биоэнергетиктер мысықты энерго-ақпараттық құрылғы деп санайды. Олардың пікірінше, егер мысық көбінесе иесінің басына жатса, онда ол гипертония немесе бас ауруына бейім болуы мүмкін. Егер үй жануарлары сол жақ жауырынға немесе иығына жатса, бұл жүрек аурулары барынан хабар береді. Егер мысық бүйрек проблемаларын «сезінсе», қожайынының арқасына, омыртқасына жатады. Мысықтың иесінің аяқтарында жатуы қан қысымының төмендігін немесе оның жиі суық тиіп, ауырып қалатынын білдіреді.

Ақнұр АСЫЛБЕК.

«Ауырмаңыз!» газеті.

Бойыңызды өсіргіңіз келсе
Мал соя білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу