Мұхтар Әуезовтің Фатима Ғабитованың туған әпкесІ Мәрзия Ильдароваға жазған хаты
Құрметті Мәрзия жолдас!
Сіз мені білесіз, бірақ бұдан кейінгі өмір, бәлкім, бір-бірімізді таныс етер. Барлық жайды Фатима өзіңізге айтады. Ол қазір адам өмірінде болатын өзгеше бір халмен барады. Жалғыз сенген жақыным, жан ашырым деп барады. Менің айтатыным, Фатима кім болса сол емес, асыл адам еді. Қазір оның басындағы хал жеңілдіктен, шалалықтан болған емес, әркімнің басында болатын бір амалсыздықтан осындай болар. Оның ішіндегі баласы атасыз емес. Атасы менмін. Қазір Қазақстанда екіқабат болып жүруі мүмкін болмағандықтан кетті. Бірақ түбінде баланы мен бір жасқа келген соң анық әкесі болып, өз қолыма алуға бекінгемін. Аламын. Ол жағы менің қарызым, менің мойнымда. Осыны сізге білдіремін және барлық жазған сөзім, болған халге кешіріммен қарап, тек азаматша түсініп қарауыңызды бар көңіліммен өтінемін.
Хат жазушы Мұхтар Әуезов
Р.S. Суретте: Мұхтар Әуезов баласы Мұратпен
Әсет Ақмолда Facebook парақшасынан алынды