Үйді түтінмен аластау
Ыбырайым пайғамбар Ысмағұлмен бірге Қағбаны қайтадан тұрғызады. Оған жабу жауып, қажылық дәстүрін қайта жаңғыртады.Ішіне түтін түтетіп, аластайды. Діни кітаптардың айтуынша, түтін түтету ғұрпы Ыбырайым пайғамбардан бастау алады екен. Кейін бұл дәстүр Ыбырайымның милләтіндегі барша адамдардың тұрмысына, әдет-ғұрпына сіңіпті. Үйді жын-шайтаннан, перілаңнан аластау үшін аршаны, адыраспанды түтетеді. Ал, әсем хош иіс шығару үшін әтірлі шөптерді пайдаланған.
«Отбасы xрестоматиясы»