Үйге сол аяқпен кірме

Oinet.kz 15-01-2020 1121

босаға.jpg

Әбілет пен Тәбілеттің оң аяғында құт, сол аяғында жұт болады екен. Олар үйге кіргенде үнемі сол аяқпен, сыртқа шыққанда оң аяқпен қадам басады екен. Соның кесірінен үйін жұт жайлап, құты далаға қашыпты. Береке дарымапты.

Ұлық Алла Адам атаны жаратқанда:

– Сенің оң аяғыңа құтты, сол аяғыңа жұтты жасырдым. Оң қолыңа бере- ке дарыттым. басқан қадамың оң болса, құтың да қасыңда болар, – дейді. Содан бастап адам ата жолға шыққанда, үйге кіргенде, бір іске бекінгенде оң аяқпен «біссімілдә» деп бастайтын болыпты. Киімді оң жақпен киіп, сол жағынан шешеді екен. сәлемдескенде де береке болсын деп оң қолын ұсынады. Осы үлгі өнеге кейінгі барша ұрпағына таралыпты.

Енді бір қадым аңыздарында Ұлық Құдай о баста тозақты жаратпақ ниетте емес еді деп баяндалады. Әбілет пен Тәбілет үйге сол аяқпен кіргенде тозақ пайда болған екен. Жаратушы екеуінің оспадарсыз іс-әрекеті мен бұзық ниетіне қарай тозақты жаратыпты.

«Отбасы xрестоматиясы»

Үйді түтінмен аластау
Қызды төрге шығару
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу