Қой неден жаралды? (аңыз)

Oinet.kz 15-01-2018 1242

қой.jpg

Мәлике: Қой неден жаралды?

Әбілда: Шөптен жаралды. Алла тағала он сегіз мың ғаламды жаратты. Одан кейін тіршілік ету үшін жан-жануарды жер жүзіне таратты. Осыдан бастап, Күн жерді алтын арайға бөлеп, таң атыпты. Кешке жақын қызарып барып Күн батыпты. Барлық мақұлық күндізгі митың тірліктен шаршап келіп, ұйқыға шым батыпты.

Ұлық Алланың жаратқан жандыларының ішіндегі зәрлісі шаян екен. Өзі айыр құйрық аяр екен. Адамдар мен жануарларды шағып, күн бермепті. Күллі мақұлық оның мейірім мен достығын бір көрмепті. Айналадағы жандарға жәбір-жапасы көп тиіпті. «Адамның бәрін шағып өлтіремін» деп кек түйіпті. Оның да себебі бар еді. Шаян мен қарақұрт Әбілет пен Тәбілеттің түкірігінен жаралған соң жер бетіне уын жайып, тіршілікті жоймақ болды.

Адам ата бала-шағасын күзетіп, түні бойы қарақұрт, шаянмен алысып шығады екен. Бір күні шыдай алмай Жаратқаннан жәрдем сұрады:

– Уа, Тәңірім, мына шаяндардың әлегінен құтқар гөр! – деп жалбарынды. Тәңірі тағала:

– Шөпті сипа! – деді. Адам ата шөпті «Біссімілдә» деп сипап еді, Алланың құдіретімен маңырап қой пайда бола кетті. Құдай тағала момын малға ерекше қасиет дарытыпты. Ол қарақұрт пен шаянды қуалап жүріп жейді екен. Олардың уыты қозылардың уызына айналды. Қой жарықтық қарақұртты жеген сайын семіре берді. Содан бастап қарақұрт пен шаян қойдың иісі бар жерге жоламайтын болыпты. Қойдың берекелі болатыны шөптен жаралған қасиетінен екен деседі.

«Отбасы хрестоматиясы»

Түйенің мойны неге қисық? (аңыз)
Әуелде пырақ аттар пейішті мекендепті (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу