Шағаланың пайда болуы (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 1069

шағала.jpg

Бағзы заманда Адам атаның жерге түскенін естіп бүкіл жанды-жансыз тіршілік иесі Тәңірдің халифасын бір көруді арман етіпті. Жида тауын бетке алып, оны іздеп шығады. Адамның келбетін көрген аң-құсқа қасиет қонады. Адамның табаны тиген топырақ пен шөпке кие дариды екен. Тек теңіз ғана Халифаны көре алмай ынтығыпты. Таудай-таудай толқынмен арқырап келіп жартас пен жағаны ұрса да, Адамға жете алмапты. Содан Құдайға мұңын айтып:

– Уа, Тәңірім, сенің халифаңды мен де бір көріп, жұпар иісін иіскеп, құмарым бір қанса ғой, шіркін! Неге мені жібермей байлап қойдың. Ең болмаса, бір тамшым көріп келсе ғой,– деп зар еңірепті. Кенет Құданың құдіретімен теңіз толқынының көбіктері жағаға келіп өздігінен жинала береді. Бір жерге үйіліп, одан құс пайда болады. Ол тоқтаусыз ұшып Жида тауына жетіпті. Адам атаның қолына қонып, теңіздің сәлемін жеткізген екен. Адамның мүбәрак қолына қонғасын шағалаға кие дарып, ұрпағы көбейіпті. Оның үнемі толқын қуалап жүретіні теңіз тамшысынан жаралған себебінен екен. Теңіз де оған риза болып, өз жанынан мекен беріпті.

«Отбасы хрестоматиясы»

Түлкінің сұлу терісі қалай пайда болды (аңыз)
Інжірдің қасиеті (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу