Түлкінің сұлу терісі қалай пайда болды (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 679

түлкі.jpg

Ыбырайым пайғамбар мен Ажар ананың Ысмағұл есімді ұлы дүниеге келерде Ажар Меккеде жүр еді. Ол кезде Меккеде ешқандай шаһар жоқ, қу медиен дала екен. Ажар ыстыққа әбден қаталап, шөлдейді. Су ішпеген соң, омырауынан сүт шықпайды. Ол Məруан мен Сапа таулары арасында сабылып су іздейді. Ал, құндақтағы Ысмағұл жапан далада жатып, шырылдап жылай береді. Баланың даусынан көктегі бүкіл періште қосыла жылайды. Сол кезде Алланың әмірімен сәбидің өкшесі тиген жерден бұлақ шығады. Ажар ана жата қалып, судан сіміріп ішіп, шөлін басады. Әу дегенде су ерекше құнарлы, уыздай еді. Баласын бауырына алып, маңдайынан сүйіп еді, омырауы иіп сүтке толады. Бұл кезде бұлақтағы су атқылап, бiраз жерге жайылып бара жатыр еді. Ол «зәм-зәм» -деп тоқтатып, айналасын құммен қоршап қояды. Содан бастап ол бұлақ зәм-зәм деп аталады. Аңдардың арасынан бұл зәм-зәмнің дәмін ең алғаш татқан түлкі деседі. Ыбырайым Ажар мен ұлын Меккеге көшіргенде, бір түлкі бірге еріп барған еді. Ысмағұлдың табаны тиіп, бұлақ шыққанда, түлкі де жақын таяп сусындайды. Артынан жуынған екен. Сол кезде оның терісі түлеп, әдемі алқызыл жүн өсіп шығыпты. Түлкінің әсем болатыны осыдан екен.

«Отбасы хрестоматиясы»

Бұғының мүйізі (аңыз)
Шағаланың пайда болуы (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу