Өрмекшінің торын бұзба (аңыз)

Oinet.kz 13-01-2020 1423

өрмекші.jpg

Ертеде Шиш пайғамбар жүн иіріп, одан киім тоқып кигісі келеді. Бірақ жіпті иіргенмен, киім тоқуға өнері жетпейді. Төзімі таусылған соң, мезі болып, қолындағы жіпті шимайлап лақтырып жібереді де: – Уа, Тәңірім, маған киім тоқуды үйретші, - деп жалбарынады. Кенет Құданың құдіретімен шимайлап лақтырған жібі белгісіз жәндікке айналып кетеді. Ол ағашқа өрмелеп шығып, өрмек тоқи бастайды. Шиш оның әрекетін қалт жібермей, мұқият қарайды. Сөйтіп киім тоқуды үйренеді. Кейін келе жұрт бұл жәндікті «өрмек тоқушы», «өрмекші» деп атапты. Ел аузында оның өрмегін жөнсіз бұзуға болмайды деген тыйым бар. Өрмегін бұзуға тура келсе, «біссімілдә» деп барып, бұзады.

«Отбасы хрестоматиясы»

Дәуіттің жаралуы (аңыз)
Бұғының мүйізі (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу