Шымылдық тұту салты

Oinet.kz 13-01-2020 1023

Шымылдық тұту.jpg

Қабыл мен Әбілден соң Хауа ана үшінші ұлын босанады. Атын Шиш қойыпты. Артынша Жебірейіл періште пейіштен шымылдық әкеп, бөлмесіне құрыпты. Хауа ана:

– Бұл не үшін? – дейді. Жебірейіл: Ібілістің теріс назары балаға түспесін. Ол бөбекке сұқтанып қарауға тырысады. Кесапаты тиетін болса, нәрестең шетінеп кетуі мүмкін. Мұхамбет пайғамбардың нұры осы балаға

ауысады. Сондықтан сырт көзден барынша сақтан, – дейді. Содан бастап мұсылмандар келін түсіргенде, сәби туылғанда, шымылдық тартып, бөтен кісілердің назарынан сақтанатын болыпты.

«Отбасы хрестоматиясы»

Қолға су құю дәстүрі
Үйректің жаралуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу