Бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген
Халық арасында бойжеткен қызды ажарына қарай жетіге бөлген:
- Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын әдемі қыз;
- Істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын көрікті қыз;
- Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр болса, шырайлы қыз;
- Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-күймейтін, келбеттіні – сұлу қыз;
- Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлысын ару қыз;
- Дене бітімі жинақы, тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты болса, ажарлы қыз;
- Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қызды әсем қыздар қатарына жатқызған.