«Диззи» дегеніңіз моншада құйылған «Буратино» болып жүрмесін

Oinet.kz 22-03-2019 1202

Screenshot_3.jpg

Қазір жастар арасында «Диззи» маркасымен шығарылатын энергетикалық сусынды пайдалану әдетке айналған. Әрине, денсаулыққа зияны барын ескерместен. Алайда, сол жастардың сүйіктісіне айналған энергетикалық сусын деп жүргеніңіз кәдімгі сапасыз лимонад болып шықса таңқалмаңыз. 

Оңтүстік Қазақстан облысының қаржы полицейлері мен санэпидемиологтар Шымкент қаласында орналасқан 2 жасырын цехтың айласына тосқауыл қойды. Заңсыз кәсіпкерлерлікпен айналысып, оңай олжаға кенелуді ойлаған олар «Диззи» маркасымен шығатын энергетикалық сусынды өз «әдістерімен» өндірумен айналысқан екен. Бұл «әдістің» ешқандай да қиындығы жоқ. Жаңалық ашудың да қажеті шамалы. Базардан 1,5 литрлік ең арзан «Буратино» сатып алып, болмашы теңге тұратын бір баклашка лимонадтан бағасы жоғары бірнеше «Диззи» энергетикалық сусынын әп-сәтте-ақ дайындап шығуға болады. Өйткені, олардың түстері ұқсас. Дәмін көрмесеңіз айыру қиын.

Жұмыртқадан жүн қырыққысы келген қулар бұл әрекеттерін тазалығы санитарлық талаптарға сай келетін орында емес, өте лас моншаның ішінде жүзеге асырыпты. Салақтықтары сонша, әлгі сусынның аузын бекітетін қақпақтар қалай болса солай шашылып жата берген. Бөтелкелердің де таза жуылғанына кім кепіл? Жасырын цех арқылы заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан бұл азаматтың көлігі тоқтатылғанда оның жүк салғышынан 456 шөлмек ішімдік пен «Диззи» сусынының қораптары мен қапақшалары, шөлмек жабатын құрал тәркіленген. 

Ендеше, энергетикалық сусынға құмар жастар, «Диззиді» ішкенде абай болыңыз. «Диззи» дегеніңіз моншада қолдан құйылған «Буратино» болып жүрмесін.  

Мұрағаттан, 02.08.2012 ж

Отандық көлікке отыратын күн туа ма?
Еңліктің неден қайтыс болғаны екі айдан бері неге анықталмай жатыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу