Профессор Прескотт: «Мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін әр қазақстандықтың депозитіне аудару керек
Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен V Астаналық экономикалық форумда Нобель сыйлығының иегері, Аризона университеті Бизнес мектебінің профессоры Эдвард Прескотт «Қазақстанға мұнайдан түскен қаржының бір бөлігін әр қазақстандықтың депозитіне аудару керек. Сонда Қазақстан халқы өзінің капиталын инвестициялау қадамын жасар еді» деген пікірін айтты.
Профессордың бұл мәлімдемесі қоғамдық пікір қалыптастырып отыр. Шынында да неге қазақстандықтар өз еліндегі жер асты байлығынан үлесін алмауы тиіс? Керісінше, жанар-жағар май тапшылығы мен бағасының жоғары болуы елдің еңсесін түсіріп жүр. Қара алтынға бай араб мемлекеттерінде жергілікті ұлт өкілдерінің ешқайсысы да мұнайдан түсетін табыстан шет қалмайды. Қазақ қара алтынының қызығын қашан көрер екен?!
Мұрағаттан, 24.05.2012 ж