Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдар анықталды

Oinet.kz 06-11-2019 684

Адам ағзасын ерте қартайтатын тағамдар - Қазақстан жаңалықтары | STAN.KZ

Өңделген, зиянды тағамдар ағза жасушасын тез қартайтады. Испанияның Наварра университетінің ғалымдары 20 жылға созылған зерттеудің арқасында осындай тұжырымға келді. Зерттеу нәтижесін жариялаған – American Journal of Clinical Nutrition ғылыми журналы.

✅Испания ғалымдары зерттеу жұмыстарын 1999-2018 жылдар аралығында жасаған. Бұл тамақтану әдетінің артериалды қысым, диабет, семіру мен жүрек-қан ауруларына тигізетін әсерін анықтау мақсатында құрылған SUN Project жобасы аясында ұйымдастырылды.

Адам ДНК-сында, хромосомалардың тұйықталған жерінде теломер болады. Олар ДНК-ны зақымданудан қорғайды. Ал теломер қысқарған сайын жасушаға көп зақым келеді де, адамның биологиялық қартаюы тез жүреді екен.

Зерттеу кезінде ультраөңделген тағам өнімдерінің (тәтті сусын, түрлі қоспа араластырылған ет өнімдері, консерванттар, қанты мен майы көп тағамдар) теломерге кері әсері көп болатыны анықталды.

Ғалымдардың сөзінше, ағзаға түскен зиянды тағам адам иммунитетін әлсіретіп, оның өз-өзін қалпына келтіру қабілетіне кедергі келтіреді.

Осылайша, жасуша жаңармағаннан кейін, ағза да тез қартаяды екен. Оның үстіне, зиянды тағам пайдаланатындардың көбісі салауатты өмір салтын ұстанбайтыны белгілі. Спортпен, дене қозғалысымен айналыспағандардың да ағза теломері тез қысқаратын көрінеді.

Айта кетейік, ультраөңделген өнімдер – азық-түлік пен жеміс-жидектің өндірістік өңдеуден өткен, табиғи қасиеті жоғалған, жаңаша түрге енген, дәмі өзгерген тағам түрлері. Оларға:

- дайындалатын кеспе,

қанты мен майы, қоспалары көп тағамдар;

- тәтті, газдалған сусындар,

шоколод сынды жалпы тәтті тағамдар;

- мұздалған, жартылай дайын тағамдар;

- өңделген нан өнімдері жатады.

Қазақ халқының туыстық атаулары
Жігітке 50 үйден тыйым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу